Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясы отырысының 2024 жылғы 10 сәуірдегі хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин

Қайырлы күн!

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 9 депутат қатысып отыр, кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары,  мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.

Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.

Күн тәртібінде 12 мәселе:

  1. Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы.
  2. Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамын бекіту туралы.
  3. Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69 «1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін растау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 67 «Федоров ауданы әкімінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  6. Мәслихаттың 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 49 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. Мәслихаттың 2019 жылғы 5 ақпандағы № 312 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  8. Мәслихаттың 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғаммен етене араласуы мәселелері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  9. Мәслихаттың 2017 жылғы 16 мамырдағы № 139 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  10. Мәслихаттың 2011 жылғы 28 ақпандағы № 435 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  11. Мәслихаттың 2021 жылғы 28 шілдедегі № 48 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  12. Мәслихаттың 2017 жылғы 24 наурыздағы № 121 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Күн тәртібін кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.

Бірінші мәселе «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» бойынша сөз «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Рустем Дегенбаевич Баймурзинге беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/Р.Д. Баймурзинның сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Рустем Дегенбаевичке сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Келесі мәселе «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамын бекіту туралы».

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамын бекітуіміз қажет.

Құрметті депутаттар шешім жобасы қолдарыңызда бар дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Келесі мәселе «Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69 «1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін растау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу қажет:

1) «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Федоров аудандық филиалының төрағасы - Койшыгулов Марат Байдаулетович комиссия мүшесі болып енгізілсін;

2) Баймурзин Рустем Дегенбаевич - «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы деген жол жаңа редакцияда жазылсын «Баймурзин Рустем Дегенбаевич - «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы»;

3) Т.М. Волоткевич шығарылсын.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69 «1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін растау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Келесі мәселе «Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

 Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу қажет:

1) «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Федоров аудандық филиалының төрағасы - Койшыгулов Марат Байдаулетович комиссия мүшесі болып енгізілсін;

2) Баймурзин Рустем Дегенбаевич - «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы деген жол жаңа редакцияда жазылсын «Баймурзин Рустем Дегенбаевич - «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы»;

3) Т.М. Волоткевич шығарылсын.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Күн тәртібінің бесінші мәселесі «Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 67 «Федоров ауданы әкімінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу қажет:

1) Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы – Кенестаев Жандос Кенестайулы төраға орынбасары болып енгізілсін;

2) Ю.Н. Лымарь шығарылсын.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 67 «Федоров ауданы әкімінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 49 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу қажет:

1) «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы – Найпак Татьяна Владимировна комиссия хатшысы болып енгізілсін;

2) Е.А. Червякова шығарылсын.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 49 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

«Мәслихаттың 2019 жылғы 5 ақпандағы № 312 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу қажет:

1) «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Воробкало Виталий Геннадьевич комиссия мүшесі болып енгізілсін;

2) Д.С. Капсултанов шығарылсын.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2019 жылғы 5 ақпандағы № 312 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғаммен етене араласуы мәселелері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы». Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамына өзгеріс енгізу қажет:

Баймурзин Рустем Дегенбаевич - «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы деген жол жаңа редакцияда жазылсын «Баймурзин Рустем Дегенбаевич - «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы».

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғаммен етене араласуы мәселелері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Тоғызыншы мәселе «Мәслихаттың 2017 жылғы 16 мамырдағы № 139 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу қажет:

1) «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заң бөлімінің басшысы - Сейткереева Кымбат Сабитбеккызы комиссия мүшесі болып енгізілсін;

2) Б.А. Умертаев шығарылсын.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2017 жылғы 16 мамырдағы № 139 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Келесі мәселе «Мәслихаттың 2011 жылғы 28 ақпандағы № 435 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы». Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамына келесі өзгерістер енгізу қажет:

1) «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы – Бектыбаева Динара Абдыкаримовна, «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы – Бекмухамбетова Инна Александровна, «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы - Коваленко Евгений Григорьевич, «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заң бөлімінің басшысы - Сейткереева Кымбат Сабитбеккызы, Федоров аудандық ауруханасының бас дәрігері – Сыргабаев Мылтыккали Сегизбаевич, Федоров ауданы пробация қызметі бөлімінің бастығы – Тынынбаева Инна Анатольевна комиссия мүшелері болып енгізілсін;

2) Б.А. Бакитжанов, Н.Ж. Турсумбаев, Б.А. Умертаев шығарылсын.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2011 жылғы 28 ақпандағы № 435 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Күн тәртібіндегі келесі мәселе «Мәслихаттың 2021 жылғы 28 шілдедегі № 48 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», кадрлық өзгерістерге байланысты осы комиссияның құрамына өзгерістер енгізу қажет:

1) «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заң бөлімінің басшысы - Сейткереева Кымбат Сабитбеккызы комиссия хатшысы болып енгізілсін;

2) Б.А. Умертаев шығарылсын.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2021 жылғы 28 шілдедегі № 48 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе «Мәслихаттың 2017 жылғы 24 наурыздағы № 121 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».  

Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу қажет:

1) «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Желтяник Нина Анатольевна комиссия хатшысы болып енгізілсін;

2) «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Воробкало Виталий Геннадьевич, «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заң бөлімінің басшысы - Сейткереева Кымбат Сабитбеккызы комиссия мүшелері болып енгізілсін;

3) К.К. Муратова, Е.Б. Раимбеков, Б.А. Умертаев шығарылсын.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2017 жылғы 24 наурыздағы № 121 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар! Кезектен тыс сессия күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Сессия жабық деп жарияланады.

Жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет. 

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     Б. Исенгазин                                                          

Дата публикации
17 апреля 2024