2024 жылғы 10 сәуірдегі №25 қаулы

Воронеж ауылдық округі әкімінің

өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы М.В. Атнабаеваның «Воронеж ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі» туралы ақпарат мәліметке алынсын.
  2. Воронеж ауылдық округінің әкіміне ұсынылсын:

- округ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды белсенді жүргізсін;

- жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп округте туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауда ұсталсын және шешу жолдары табылсын, азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қолдасын;

- ауылдық округті абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру және барлық меншік нысандары мен оларға іргелес аумақтардың эстетикалық жай-күйінің тиісті түріне елес беру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастырсын;

- «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-мен бірлесіп округте шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастырсын, сондай-ақ ауылдық округ аумағында іске асырылатын инвестициялық жобаларға тұрақты мониторинг жүргізсін;

- инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамыту, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды барынша қамтамасыз ету, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі мәселелерге назар аударсын;

  1. «Федоров аудандық ауруханасы» МКК-ға Воронеж ФАП орта медициналық персоналмен жасақтау ұсынылсын.
  2. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі 2024 жылғы 1 қарашаға ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Бюджет, экономика, жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                           А. Байназаров

Дата публикации
17 апреля 2024