Аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссияның төрағасы – Алексей Мерекеевич Байназаров төрағалық етеді.
А.М. Байназаров
Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырыс отырысы өткізілуде.
Отырысқа мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.
Бүгін күн тәртібінде екі мәселе:
Бірінші мәселе бойынша сөз «Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Мария Викторовна Атнабаеваға беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/М.В. Атнабаеваның сөзі/
А.М. Байназаров
Мария Викторовнаға сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Осы мәселе бойынша тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма?
Құрметті отырысқа қатысушылар!
Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы «Воронеж ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындау туралы есебі туралы» ақпаратты тыңдап, талқылағаннан кейін округтің дамуы жоспарлы түрде жүріп жатқанын атап өтті.
Ауылдық жерлерде барынша жайлы өмір сүру жағдайларын жасау мақсатында округте маңызды мәселелер шешілуде.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының арқасында Успеновка және Придорожное ауылдарының тұрғындарында су құбыры пайда болды.
Наурыз айының соңында Придорожное ауылында жаңа ФАП ашылды. Округ тұрғындары үшін бұл қуанышты оқиға. Жаңа ғимаратта медицина мамандары тұрғындарға көмек көрсетеді, халықтың денсаулық жағдайын бақылауды жүзеге асырады. Осылайша тұрғындар ауылдан шықпай-ақ ыңғайлы жағдайда медициналық көмек алатын болады.
Ағымдағы жылы Успеновка және Придорожное ауылдарындағы кентшілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілетін болады.
Аудандық мәслихат депутаттары тұрақты негізде халықпен кездесулерге қатысады. Жақында Воронеж ауылдық округінде өткен кездесу барысында депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын, сондай-ақ ауылдағы өмірді жақсарту бойынша ұсыныстарды талқылады.
Ауылды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында депутаттар бірқатар міндеттерді атап өтті: ауыл көшелерін жарықтандыруды жаңғырту, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, ауылды абаттандыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Талқыға салынған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- округ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды белсенді жүргізсін;
- жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп округте туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауда ұсталсын және шешу жолдары табылсын, азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қолдасын;
- ауылдық округті абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру және барлық меншік нысандары мен оларға іргелес аумақтардың эстетикалық жай-күйінің тиісті түріне елес беру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастырсын;
- «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-мен бірлесіп округте шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастырсын, сондай-ақ ауылдық округ аумағында іске асырылатын инвестициялық жобаларға тұрақты мониторинг жүргізсін;
- инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамыту, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды барынша қамтамасыз ету, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі мәселелерге назар аударсын;
А.М. Байназаров
Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«Воронеж ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі» туралы қаулы қомиссияның отырыс хаттамасына қоса беріледі.
А.М. Байназаров
Екінші мәселе бойынша «Федоров ауданының елді мекендерін жылумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету туралы» сөз «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері Жаслан Жумабекович Айменовке беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/Ж.Ж. Айменовтың сөзі/
А.М. Байназаров
Жаслан Жумабековичке сұрақтарыңыз бар ма?
А.С. Резник
Федоров ауылында су құбыры желілерін зерттеу жоспарлануда ма?
Ж.Ж. Айменов
Бұл мәселе бақылауда. Бүгінгі таңда су құбыры желілеріне техникалық тексеру жүргізуге қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылуда. Аудан бойынша су құбыры желілерінің ұзындығы 500 шқ. құрайды, оның ішінде тозуы -27%, Федоров ауылы бойынша тозу шамамен 10% құрайды. Ең үлкен тозу – «Гранд» ЖШС жеке меншігіндегі Костряковка ауылындағы ескі су құбыры, олардан ақпарат сұралды, жауап беруі керек.
А.М. Байназаров
Тағы сұрақтар болады ма? Жоқ.
Құрметті комиссия отырысына қатысушылар талқыға салынған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- ауданның сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырсын;
- ауданның су және жылу объектілерінің жай-күйін бақылауды жүзеге асырсын;
- жазғы кезеңде тұрақты негізде су құбыры желілерінің апаттылығын төмендетуге бағытталған жұмыстарды жүргізсін, инвестициялық және жөндеу бағдарламаларын енгізсін;
- Федоров ауданы әкімдігінің «Водстрой» МКК-мен бірлесіп, ауыз судың сапасы мәселесін тұрақты бақылауға алсын, көрсеткіштердің сәйкестігі бойынша жан-жақты шаралар қабылдасын;
- Федоров ауданы әкімдігінің «Теплоцентр» МКК-мен бірлесіп жылумен жабдықтау объектілерін кезекті жылыту маусымына дайындау және беру бойынша жұмыс жүргізсін, барлық тұтынушыларды сапалы жылумен қамтамасыз етсін;
- желілерді қайта құру және жаңғырту бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу үшін сумен-жылумен жабдықтаудың тозуы мен шығындарды азайту бойынша тұрақты негізде талдау жүргізсін.
Байназаров А.М.
Осы қаулы бойынша сұрақтарыңыз, ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданының елді мекендерін жылумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету туралы» қаулы қомиссияның хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті депутаттар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.
Назарларыңызға рахмет.
Бюджет, экономика, жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы А. Байназаров