Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысының 2024 жылғы 19 наурыздағы хаттамасы

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Елена Александровна Запорожану төрағалық етеді.  

Е.А. Запорожану 

                    Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар! 

Бүгін аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілуде.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. «Федоров аудандық ауруханасымен халыққа медициналық қызмет көрсетуі туралы».
  2. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 2023 жылы көрсетілген көмек туралы.

Бірінші мәселе бойынша «Федоров аудандық ауруханасымен халыққа медициналық қызмет көрсетуі туралы» сөз Федоров аудандық ауруханасының бас дәрігері Мылтыккали Сегизбаевич Сыргабаевқа беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).

          /М.С. Сыргабаевтың сөзі/

Е.А. Запорожану

Мылтыккали Сегизбаевичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Е.А. Запорожану

Сөз Федоров аудандық мәслихатының депутаты, әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Сауле Арстановна Баймурзинаға беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).

          /С.А. Баймурзинаның сөзі/

Е.А. Запорожану

Тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.

Талқыға салынған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:

  1. «Федоров аудандық ауруханасымен халыққа медициналық қызмет көрсетуі туралы» ақпарат мәліметке алынсын.
  2. «Федоров аудандық ауруханасы» КМК ұсынылсын:

- алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізсін;

- медициналық мекемелерді жетіспейтін білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша одан әрі жұмысты жалғастырсын;

- халықты уақтылы және сапалы профилактикалық тексеруді, диспансерлеуді және сауықтыруды жүзеге асырсын;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру, тамақтану және денсаулықты сақтаудың басқа да өзекті мәселелері бойынша халықтың хабардарлығы мен сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізсін;

- кепілдендірілген тегін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша сатып алынатын және жетіспейтін дәрілік препараттар бойынша бақылауды жүргізсін;

- қажетті медициналық жабдықтармен, Мүкәммалмен жарақтандыруға және медициналық ведомстволық бағынысты мекемелерге жөндеу жүргізуге бағытталған шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2024 жылғы 1 желтоқсанға қарай ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров аудандық ауруханасымен халыққа медициналық қызмет көрсетуі туралы» тұрақты комиссияның қаулысы комиссияның хаттамасына қоса беріледі.

Е.А. Запорожану

Екінші мәселе бойынша «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 2023 жылы көрсетілген көмек туралы» сөз «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Рустем Дегенбаевич Баймурзинге беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).

               /Р.Д. Баймурзинның сөзі/

Е.А. Запорожану

Рустем Дегенбевичке сұрақтарыңыз бар ма?

А.С. Резник

Мұқтаждардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек түрлерін кеңейту жоспарлануда ма?

Р.Д. Баймурзин

Иә, жоспарланған. Қазіргі уақытта облыстық бюджеттен 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүрушілерге санаторлық-курорттық емделуге арналған шығындарды төлеуге және жеңілдіктері бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға санаторлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге қаражат бөлінді.

Е.А. Запорожану

Есепті кезеңде әлеуметтік көмекке жүгінген кезде бас тартулар болды ма?

Р.Д. Баймурзин

АӘК тағайындауға жүгінген кезде болды. Бас тарту учаскелік комиссиялардың шешімі бойынша және жан басына шаққандағы орташа табыстың кедейлік шегінен асып кету себебінен жасалды. Әлеуметтік қолдаудың басқа түрлері бойынша бас тартулар болған жоқ.

Е.А. Запорожану

Тағыда сұрақтарыңыз болады ма? Жоқ.

Құрметті комиссия отырысына қатысушылар талқыға салынған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:

  1. «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 2023 жылы көрсетілген көмек туралы» ақпарат мәліметке алынсын.
  2. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

- халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету және төлеу жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін орындауды, арнаулы техникалық және қосалқы құралдарға, арнаулы қозғалыс құралдарына, санаторий-курорттық емдеуге қажеттілікті айқындауды жүзеге асырсын;

- мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қызметтерінің түрлерін кеңейту бойынша нормативтік құқықтық актіні дайындау бойынша жұмыс жүргізсін.

  1. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2024 жылғы 1 желтоқсанға қарай ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.

Құрметті отырысқа қатысушылар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.

Жұмыс үшін барлықтарыңызға рахмет. 

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                          Е. Запорожану

Дата публикации
12 апреля 2024