Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы V сессиясы отырысының 2024 жылғы 19 наурыздағы хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин

Қайырлы күн құрметті депутаттар және шақырылғандар!

Бүгін аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы бесінші сессиясының отырысы өткізілуде.

11 депутаттан сессияға 9 қатысып отыр, қалған депутаттар  дәлелді себептер бойынша қатыспады. Кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы Исабаев қатысып отыр.

Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  шақырылды.

Құрметті депутаттар! Сессия күн тәртібінің жобасы Сіздерге таратылды.

Сессияның күн тәртібінде 2 мәселе:

  1. «Федоров ауданында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру туралы».
  2. Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2023 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп беруі туралы.

Күн тәртібін бекітуді ұсынамын.

Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Егер басқа ұсыныстар болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы V сессияның күн тәртібі туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Мәселелерді қарастыруға кіріспес бұрын, депутаттар сессия материалдарын алдын ала алғанын және олардың онымен танысуы мүмкін болғанын атап өткен жөн.

Регламент бойынша: қарастырылатын мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт бөлуді ұсынамын.

Бірінші мәселе бойынша «Федоров ауданында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру туралы» сөз «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Адылбек Рахимович Уразбаевқа беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі.

/А.Р. Уразбаевтың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Адылбек Рахимовичке сұрақтарыңыз бар ма?

А.С. Резник

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары жоспарлануда?

А.Р. Уразбаев

Форвардтық сатып алу шеңберінде «Продкорпорация» АҚ арқылы біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінім береді, қазірдің өзінде 3 млрд.теңгеден астам өтінім бар. Бұдан басқа, «Халық банкі» АҚ арқылы айналым қаражатына 6% - ға қаражат бөлу мәселесі шешілуде, қарыз егін жинау компаниясының соңына дейін бөліп төлеу берілетін болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін «Капитал» ЖШС арқылы Аграрлық кредиттік корпорация желісі бойынша жұмыс істейтін барлық бағдарламалар күшінде қалады, тіпті мерзімін ұзартқандар да көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге кредиттік қаражат алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, үкімет жеңілдетілген дизель отынын бөлді, біздің барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 5 мың тоннадан астам дизель отынына өтінім берді.

Б.Е. Исенгазин

Тағы сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Сөз аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаровқа беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/А.М. Байназаровтың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар осы мәселе бойынша шешім қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық                                    мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Федоров ауданында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру туралы» ақпарат мәліметке алынсын.
  2. «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсыныс берілсін:

- агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдасын;

- шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, олар өндіретін өнімнің көлемі мен сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жандандырсын;

- аудан тұрғындары үшін және аграрлық кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі мен шаруашылық тұрақтылығы үшін сапалы, қолжетімді, әртүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін жақсарту үшін аграрлық сектордың инновациялық технологияларын қолдану бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тұрақты негізде жұмыстар жүргізсін;

- ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға лизинг пен субсидиялаудың мемлекеттік бағдарламаларында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жәрдем көрсетсін;

- шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізсін.

  1. Осы шешімін орындау бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі 2024 жылғы 1 қарашаға дейін ұсынылсын.

Шешім жобасы бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Шешім жобасы Сіздердің қолдарыңызда бар. Дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Маған «Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2023 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп беруі туралы» екінші мәселе бойынша сөз сөйлеуге рұқсат етіңіздер (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/Б.Е. Исенгазиннің сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Шешім жобасын Сіздердің назарыңызға ұсынамын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, аудандық мәслихаты Регламентінің 36-тармағына сәйкес Федоров аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Федоров аудандық мәслихаты төрағасының есебі мәліметке алынсын.
  2. Тұрақты комиссиялардың төрағаларына өз қызметінде бірлескен отырыстарды пайдалану, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін өз жұмысына тарту ұсынылсын.
  3. Аудандық мәслихаттың депутаттарына ұсынылсын:

- сайлаушылармен тұрақты негізде байланыста болу, азаматтарды жеке қабылдау бойынша жұмыс жүргізілсін;

- депутаттық сұрау салу құқығын өз қызметінде пайдалансын.

  1. Аудандық мәслихаттың аппаратына:

- депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруда ұйымдық және құқықтық көмек көрсету жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

- депутаттық қызметті БАҚ-та, Федоров аудандық мәслихатының ресми Интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде жарияласын.

Осы жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз, бола ма? Жоқ.

Егер ескертпелеріңіз болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2023 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп беруі туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Құрметті депутаттар, күн тәртібіндегі мәселелер таусылды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен қатысушы депутаттар бар ма? Жоқ.

Сессия жабық деп жарияланды.

Назарларыңызға рақмет! 

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                                       Б. Исенгазин

Дата публикации
12 апреля 2024