Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2023 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп беруі

Федоров аудандық мәслихатының төрағасы

Б.Е. Исенгазиннің V сессия отырысындағы

есебінен тезистері

Құрметті Тәуба Қайыржанұлы!

Құрметті депутаттар мен сессияға қатысушылар!

Сіздердің қарауыңызға Федоров аудандық мәслихатының 2023 жылы атқарылған жұмысы туралы есеп беремін.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына сәйкес 2023 жылдың наурыз айында кезектен тыс сайлау өтті. Сайлау қорытындысы бойынша аудандық мәслихаттың депутаттық корпусының құрамы 64% (пайызға) жаңартылды. Сайланған 11 депутаттың 7-і алғаш рет мәслихат депутаты болды. Аудандық мәслихатқа 4 партияның өкілдері кірді: «AMANAT» партиясынан 7 депутат, «Ақ жолдан» 2 депутат, «Ауыл» және «Respublika» партияларынан бір депутаттан.

Бірінші ұйымдастыру сессиясында депутаттар аудандық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясының құрамын бекітіп, олардың төрағаларын сайлады. Осылайша, бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаров, әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Елена Александровна Запорожану болды. Сондай-ақ аудандық мәслихатта 6 адамнан тұратын «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы түріндегі депутаттық бірлестік тіркелген. Фракцияны Артем Сергеевич Резник басқарады.

 Аудандық мәслихаттың қызметі есепті кезеңде жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді.

Барлығы 4 кезекті және 14 кезектен тыс сессия өткізілді. Аудандық бюджетті қалыптастыруға және орындауға, аудан әкімінің есебіне, әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға, әлеуметтік және тұрғын үй көмегін көрсетуге, бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекітуге және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындауға, кейбір елді мекендерді жою туралы және басқа да бірқатар маңызды мәселелерге байланысты 100-ден астам мәселе қаралды және қабылданды.

 «Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес Федоров аудандық мәслихатының 10 шешімі Қостанай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті.

Аудандық бюджетті нақтылау 4 рет, ауылдық округ бюджеттерін нақтылау 3 рет жүргізілді. Барлық нақтылау жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттердің ұлғаюымен немесе азаюымен және қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлумен байланысты болды.

Сессияның бекітуіне енгізілетін, алдын ала зерделеуді талап ететін мәселелерді депутаттар тұрақты комиссиялардың отырыстарында қарайды.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары 2023 жылы ауданның атқарушы органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары мен қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен түрлі әлеуметтік бағыттағы 21 мәселені қарады.

Тұрақты комиссиялардың отырыстарына дайындық кезінде мәслихат депутаттары қаралатын мәселелерді зерделеу шеңберінде ауылдық округтерге, әлеуметтік, білім беру және мәдени нысандарға барып, аудан тұрғындарымен кездесті.

Осылайша, 2023 жылдың шілде айында депутаттардың жұмыс тобы Первомайское ауылында болды. Депутаттар ауылдық округ әкімімен, ветеринариялық дәрігермен және учаскелік полиция инспекторымен кездесті, ауылдық кітапханаға, пошта бөлімшесіне, ФАП-қа, жалпы білім беретін мектепке, шағын орталыққа, спорт кешеніне, ауылдық клубқа және екінші көтергіш сорғы станциясына барды, аудандық маңызы бар «Федоровка-Первомайское» автомобиль жолының орташа жөндеуімен танысты.

«Федоров ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру барысы туралы» мәселені зерделеу мақсатында депутаттар Костряков жалпы білім беретін мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу барысымен танысты, Костряковка ауылындағы Абай көшесінің, Камышный Чандак ауылындағы М. Оспанов көшесінің, Новошумное ауылындағы Лахман көшесінің жолдарын орташа жөндеуімен танысты.

«Жастарды қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету туралы» мәселесін қарауға дайындық аясында депутаттар Федоров ауыл шаруашылығы колледжіне барды. Оқу корпусының, зертханалардың және жатақхананың жабдықталуын қарады.

Сондай-ақ, депутаттар Федоровка ауылында 24-пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына барды, «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру аясында су құбырының тарату желілерінің құрылысы аяқталған Копыченка және Чистый Чандак ауылдарында болды.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті және маңызды мәселелері қаралды, сондай-ақ тұрақты комиссиялардың мүшелері комиссиялар қабылдаған қаулылардың орындалу мәселелеріне назар аударады. Есепті кезеңде «Федоров ауданында тұрғын үй-коммуналдық дамытудың   2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» және «Федоров ауданындағы білім беру саласындағы өзекті мәселелер туралы» екі қаулының орындалу барысы тыңдалды. Тұрақты комиссиялар берген ұсынымдар орындалды, қаулылар бақылаудан алынды.

Сессия отырыстарында тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері қаралатын мәселелер бойынша қосымша баяндамалар немесе қорытындылар жасайды.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 6 қазанда ауданымыздың аумағында, Қамысты Шаңдақ ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту туралы» мәселесі бойынша Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті.

 Мәслихаттың өткізілген отырыстары туралы ақпараттық материалдар аудандық «Федоровские новости» газетінің беттерінде, Федоров аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жарықтандырады, Facebook әлеуметтік желісінде сессиялар мен тұрақты комиссиялар отырыстарының онлайн-трансляциялауы жүргізіледі.

Желтоқсан айында аудандық мәслихат Федоров ауданының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмысты аяқтады. Аудандық сайлау комиссиясының құрамы және учаскелік сайлау комиссияларының 37 құрамы сайланды. Құрамына 202 адам – 7 саяси партияның өкілдері кірді.

Есепті кезеңде ауданның мемлекеттік органдарына 3 депутаттық сауал жолданды, олар бойынша түсініктемелер берілді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес аудандық мәслихаттың алғаш сайланған 5 депутаты біліктілігін арттырудан өтті.

20 желтоқсанда депутаттар Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатына сайлауға толық құрамда қатысты.

 «AMANAT» партиясы депутаттарының қатысуымен партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын объектілерге 12 шығу өткізілді.

Депутат Арман Амангелдыевич Алпысбаев мүгедектігі бар адамдар үшін олардың қолжетімділігін зерделеу және ас блоктарының жай-күйін зерделеу мақсатында Федоровка ауылындағы білім беру ұйымдарына барды.

2023 жылдың шілде-қазан айлары аралығында мен ауданның ауылдық елді мекендеріне барып, өңіріміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды азаматтарға түсіндіру және ауылдағы проблемалық мәселелерді зерделеу мақсатында аудан тұрғындарымен кездестім.

Аудандық мәслихат депутаттары ауданымызда өткізілетін Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен кездесулерге қатысты (Мәжіліс депутаттары А.Т. Зейнуллин және Е.В. Смышляева, Сенат депутаттары  С.А. Карплюк және Г.Т. Нурмухамбетов).

29 маусымда депутаттар Елена Александровна Запорожану, Темиргали Амиргалиевич Махмутов, Тилекберген Зия Астана қаласындағы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының бірінші республикалық форумына қатысты. Сондай-ақ, Елена Александровна «Жастар Рухы» облыстық жастар форумына қатысты.

Депутат Сауле Арстановна Баймурзина Қостанай облысынан келген делегация құрамында Астана қаласындағы ауыл әйелдерінің республикалық форумына қатысты.

Аудандық мәслихат депутаттары Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді, қайырымдылық акцияларына қатысты, сондай-ақ олар ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына кіреді, ауданның әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатысады. Депутаттар өз қызметінде аудан әкімі, уәкілетті мемлекеттік органдар, ауылдық округ әкімдері, ауданның ұйымдары мен кәсіпорындары тарапынан қолдау табады. Атқарушы органдармен жолға қойылған тиімді өзара іс-қимыл мәселелерді үйлесімді және жедел шешуге мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, аудандық мәслихаттың қызметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына және бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес уақтылы және мақсатты түрде жүргізілгенін айтқым келеді.

Дата публикации
11 апреля 2024