Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына
2023 жылы көрсетілген көмек туралы
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету және төлеу жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін орындауды, арнаулы техникалық және қосалқы құралдарға, арнаулы қозғалыс құралдарына, санаторий-курорттық емдеуге қажеттілікті айқындауды жүзеге асырсын;
- мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қызметтерінің түрлерін кеңейту бойынша нормативтік құқықтық актіні дайындау бойынша жұмыс жүргізсін.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану