Федоров аудандық ауруханасымен
халыққа медициналық қызмет көрсетуі туралы
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізсін;
- медициналық мекемелерді жетіспейтін білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша одан әрі жұмысты жалғастырсын;
- халықты уақтылы және сапалы профилактикалық тексеруді, диспансерлеуді және сауықтыруды жүзеге асырсын;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру, тамақтану және денсаулықты сақтаудың басқа да өзекті мәселелері бойынша халықтың хабардарлығы мен сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізсін;
- кепілдендірілген тегін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша сатып алынатын және жетіспейтін дәрілік препараттар бойынша бақылауды жүргізсін;
- қажетті медициналық жабдықтармен, Мүкәммалмен жарақтандыруға және медициналық ведомстволық бағынысты мекемелерге жөндеу жүргізуге бағытталған шараларды қабылдасын.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану