Федоров ауданының Қоғамдық кеңесі өз қызметін бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. 2023 жылы Қоғамдық кеңестің 11 отырысы өткізілді, онда 26 мәселе қаралды, 8 қоғамдық тыңдау өткізілді, мемлекеттік ұйымдар басшыларының 10 есебі тыңдалды.
Ауданның тыныс-тіршілігінің түрлі мәселелері бойынша 24 мониторинг жүргізілді (Костряков, Воронеж, Новошумная мектептерін жөндеу), халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету, халықтың мобильділігі төмен топтары үшін әлеуметтік объектілерді бейімдеу, жолдарды жөндеу, сумен жабдықтау және басқалар.
33 нормативтік құқықтық акті қаралды, олар бойынша ұсыныстар қабылданды.
Қоғамдық кеңеске азаматтардың 8 өтініші келіп түсті, оның 6-ы оң шешім тапты, 2-і бойынша түсініктемелер берілді.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина