Төрағалық еткен: С.А. Баймурзина – Қоғамдық кеңестің төрайымы
Қатысқандар: Н.А. Аслиева, Б.А. Бакитжанов, Р.Г. Валеев, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, Б.А. Сапарова, И.О. Шматко
Шақырылғандар: Г.Б. Умертаева – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау, олардың мониторингі және ақпараттық технологиялар қызметінің басшысы
КҮН ТӘРТІБІ:
Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің 2023 жылғы жұмысын қорытындылау және 2024 жылға арналған міндеттері.
(ақпарат. С.А. Баймурзина)
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына қоғамдық бақылау жүргізу.
(ақпарат. Г.Б. Умертаева)
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген «Елді дамыту курсы» сұхбатынан тезистер.
(ақпарат. Б.А. Бакитжанов)
- Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
ТЫҢДАЛДЫ: С.А. Баймурзина – Қоғамдық кеңестің төрайымы.
(ақпарат қоса беріледі)
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: Н.А. Аслиева, Е.А. Запорожану
ШЕШТІ:
- «Қоғамдық кеңестің 2023 жылғы жұмысын қорытындылау және 2024 жылға арналған міндеттер туралы» ақпарат назарға алынсын.
- Қоғамдық кеңес мүшелері әлеуметтік желілерде атқарылған жұмыс туралы түсініктемелер берсін.
ТЫҢДАЛДЫ: Г.Б. Умертаева – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау, олардың мониторингі және ақпараттық технологиялар қызметінің басшысы.
(ақпарат қоса беріледі)
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: С.А. Баймурзина, Н.А. Аслиева
ШЕШТІ:
- Г.Б. Умертаеваның «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына қоғамдық бақылау жүргізу туралы» ақпараты назарға алынсын.
- Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына жүйелі түрде мониторинг жүргізілсін.
- 2024 жылғы наурызда Қоғамдық кеңестің отырысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы жыл сайынғы есепті жария талқылау» мәселесі қаралсын.
ТЫҢДАЛДЫ: Б.А. Бакитжанов – Қоғамдық кеңестің мүшесі.
(ақпарат қоса беріледі)
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: С.А. Баймурзина, Р.Г. Валеев, И.О. Шматко
ШЕШТІ:
- Б.А. Бакитжановтың ақпараты назарға алынсын.
- Қоғамдық кеңес мүшелері облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалу барысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды халықтың назарына жеткізсін.
Қоғамдық кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.
(ақпарат қоса беріледі)
ШЕШТІ:
- Қоғамдық кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
- Қоғамдық кеңес мүшелеріне әлеуметтік желілерде Қоғамдық кеңестің жұмысын жариялау, түсініктемелермен, ұсыныстармен сөз сөйлеу ұсынылсын.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина