|
|
Бекітілді
Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің 2022 жылғы 17 ақпандағы хаттамасымен
|
Федоров ауданының Қоғамдық кеңесі туралы
ереже
- Жалпы ережелер
- Осы Федоров ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі –ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге (бұдан әрі – Үлгілік ереже) сәйкес әзірленді.
- Федоров ауданының Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) – коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, жергілікті өкілді орган (бұдан әрі – аудандық мәслихат) өзінің құзыретіндегі мәселе бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
- Қоғамдық кеңес өз қызметінде Конституцияны, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
- Қоғамдық кеңестің құрамын жұмыс тобы қалыптастырғаннан кейін аудандық мәслихат бекітеді. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру процесі Үлгілік ережемен айқындалады.
- Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы қызметінің тәртібі және оның мүшелерін іріктеу Үлгілік ережемен айқындалады.
- Қоғамдық кеңестің сайланған құрамының өкілеттіктер мерзімі үш жылды құрайды.