Федоров ауылдық округі әкімінің
өзіне жүктелген функциялары мен
міндеттерін орындау туралы есеп беруі
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- округ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізсін;
- жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып, округте туындайтын мәселелерді шешу жолдарын тұрақты бақылауда ұстау және азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қолдасын;
- ауылдық округті абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
- кәсіпкерлікті, мал шаруашылығын қолдау және дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы А. Байназаров