2023 жылдың IІ-жартыжылдығында «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және аудандық мәслихат төрағасының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 1 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде 2024 жылғы   8 қаңтарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді: 

1) аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)  ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін заңнаманы зерделеу қорытындысы бойынша өз қалауы бойынша шешім қабылдауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін ережелер анықталған жоқ (ММ ережесіне, аудандық мәслихат регламентіне, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесіне талдау жүргізілді, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы зерделенді).

Аудандық мәслихаттың барлық әзірленген шешімдер жобалары ресми талқылау үшін  «Ашық НҚА» порталында жарияланады және ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларына сәйкес ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтеді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешімдер жобалары кәсіпкерлер Палатасы филиалының қорытындысын алады. 

Ай сайын Федоров аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық актілердің мониторингі өткізілді.

Мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-басқару қызметіндегі ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға 2023 жылдың IІ-жартыжылдығында мына бағыттар тартылды:

Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау:

Аппараттың штат саны 5 бірлікті құрайды, нақты саны 5 бірлік.

Есептік кезеңде ауысуы болған жоқ.                                                    

 Аппарат қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, тәртіптік жауапкершілік, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері жоқ.

Аппарат қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

Аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстырылды, олар жеке істеріне тігілді.

Аппарат қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау фактілері анықталмаған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің мәтіні ақпараттық стендте және Федоров аудандық мәслихатының ресми сайтында орналасқан.

Жыл сайын мемлекеттік қызметшілер кірістер туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтерді ұсынады.

Бұқаралық ақпарат құралдарына («Федоровские новости» аудандық газетіне, Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына, Facebook әлеуметтік желісіне) жүргізілген мониторинг мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар болмағанын көрсетті.

Федоров аудандық мәслихатының аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар анықталмаған.

Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу:

Аудандық мәслихат аппараттында туыстық байланысы бар мемлекеттік қызметшілер жұмыс істемейді, тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін емес.                                     

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету:

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

5) Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру:

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ бақылау-тексеру функциялары жоқ.

6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:

Екінші жартыжылдықтың нәтижелері бойынша бюджет қаражатын игеру   100% құрайды.

2023 жылға арналған бюджет қаражаты екі бағдарлама бойынша бөлінді.     «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нің 2023 жылға арналған бюджеттік бағдарламалары «Ашық бюджеттер» порталында уақтылы орналастырылды.

7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:

Екінші жартыжылдықта мемлекеттік сатып алулар Баға ұсыныстарын сұрату, негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурс тәсілдерімен, өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден жүзеге асырылды. Мемлекеттік сатып алу бойынша барлығы 14 шарт жасалды.

Мемлекеттік сатып алуды тиісінше жүргізу қамтамасыз етіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:

"Федоров аудандық мәслихатының аппараты" ММ мынадай ақпараттық жүйелер пайдаланады: ЭҚАБЖ, МОИП, "Е-қызмет" АЖ, "ЕЭАД" АЖ,   "e-Otinish" АЖ, "Заң"ДБ. "Ашық НҚА" және "Ашық бюджеттер" ашық үкімет порталдарында, электрондық еңбек биржасында, МО ЕПИР-де жеке кабинеттер бар.

Ұйымдастыру-бақылау қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

2023 жылдың IІ-жартыжылдығында 6 өтініш келіп түсті, жеке тұлғалардан 3, заңды тұлғалардан  3 өтініш. Барлық өтініштер оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен тиісті мерзімдерде қаралды, 2 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жіберілді.

Прокурорлық ден қою актілері келіп түспеді.

Есептік кезеңде мемлекеттік органға қатысты тексеру жүргізілмеді.

Федоров аудандық мәслихатының азаматтарды қабылдау кестесі және «сенім телефоны» нөмірі ақпараттық стендте және Федоров аудандық мәслихатының ресми сайтында орналасқан.

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалмады.

        

Дата публикации
09 января 2024