Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2023 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп беруі

Аудандық мәслихат депутаты Е.А.Запорожанудың Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының ІV сессиясында сөз сөйлеуі

Қайырлы күн құрметті Тауба Каиржанович,

депутаттар және шақырылғандар!

Сізге Федоров аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2023 жылы атқарылған жұмыс туралы есебін ұсынуға рұқсат етіңіз.

2023 жылғы 30 наурызда аудандық мәслихат сегізінші шақырылымының бірінші ұйымдастыру сессиясында 2 комиссия құрылды: әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия (төрайымы Е.А. Запорожану) және бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия (төрағасы А.М. Байназаров).

Өз қызметінде тұрақты комиссиялар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады, Федоров аудандық мәслихатының регламенті мен жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істейді.

Екі тұрақты комиссия ағымдағы жылы ауданның атқарушы органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары мен қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен түрлі әлеуметтік бағыттағы 20 мәселені қарастырды.

Депутаттар тұрақты комиссиялардың отырыстарына дайындық кезінде объектілерге баруды практикаға енгізеді.

Мәселен, «Первомай ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» мәселесі бойынша тұрақты комиссияның отырысына дайындық шеңберінде шілде айында депутаттардың жұмыс тобы Первомайское ауылында болды. Депутаттар ауылдық округ әкімімен, ветеринариялық дәрігермен және учаскелік полиция инспекторымен кездесті, ауылдық кітапханаға, пошта бөлімшесіне, ФАП-қа, жалпы білім беретін мектепке, шағын орталыққа, спорт кешеніне, ауылдық клубқа және сумен жабдықтау тарату желілерінің құрылысы аяқталған екінші көтерілім сорғы станциясына барды. Ауылға барар жолда депутаттар «Федоровка-Первомайское» аудандық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөндеуін тексерді. Сапар барысында аудандық мәслихат депутаттары ауылды абаттандыру бойынша ұсыныстар берді, ауылдық округте спорт кешені мен ауылдық клубты жөндеу қажет екенін атап өтті.

«Федоров ауданында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру барысы туралы» мәселесі бойынша тұрақты комиссияның отырысына дайындық мақсатында аудандық мәслихат депутаттары ағымдағы жылдың тамыз айында Федоров ауданының бірқатар нысандарын аралады. Солай, олар Костряков жалпы білім беретін мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу барысымен танысты, Костряковка ауылындағы Абай көшесінің, Камышный Чандак ауылындағы М. Оспанов көшесінің, Новошумное ауылындағы Лахман көшесінің жолдарын орташа жөндеуін тексерді.

Қараша айында депутаттардың жұмыс тобы «Федоров ауданында жастарды қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету туралы» мәселесіі зерделеу мақсатында Федоров ауыл шаруашылығы колледжіне барды.

Депутаттар үшін оқу корпусы, зертханалар: дәнекерлеу технологиялары, электр газбен дәнекерлеушілер, ауылшаруашылық машиналары мен тракторлар, оқу асханасы, электр монтаждау жұмыстары және жатақхана бойынша экскурсия жүргізілді.

Депутаттар мекемеде білім сапасын жақсартуға бағытталған тиімді қызмет жүзеге асырылып жатқанын, білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.

Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында: «Федоров ауданында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы», «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру барысы туралы», «Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы», «Аудандық бюджет пен Федоров ауданы ауылдық округтері бюджеттерінің 2022 жылы атқарылуы туралы», «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау шараларын іске асыру туралы», «Федоров ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттері туралы есеп беруі» мәселелері қаралды, 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет пен Федоров ауданы ауылдық округтері бюджеттерінің жобалары тыңдалды.

Тұрақты комиссиялардың отырыстарында қабылданған қаулыларды орындау мәселелеріне де назар аударылады. Осылайша, бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2022 жылғы  12 қыркүйектегі № 18 «Федоров ауданында тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» қаулысын орындау шеңберінде депутаттар Федоровка ауылында 24-пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты, осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде су құбырының тарату желілерінің құрылысы аяқталған Копыченка және Чистый Чандак ауылдарына барды. Сондай-ақ, тұрақты комиссияның отырысында «Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 «Федоров ауданындағы білім беру саласындағы өзекті мәселелер туралы» қаулысын орындау туралы» мәселесі тыңдалды. Тұрақты комиссиялар берген ұсынымдар орындалды, осы қаулылар бақылаудан алынды.

Барлық жоспарланған мәселелер уақтылы қаралды. Тұрақты комиссиялардың өткізілген отырыстары туралы ақпараттық материалдар «Федоровские новости» аудандық газетінің беттерінде, Федоров аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жарияланады, Facebook әлеуметтік желісінде сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарының онлайн-трансляциялауы жүргізіледі.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз жұмысында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті және маңызды мәселелерін үнемі қозғайтын болады.

Назарларыңыз үшін рахмет!

Дата публикации
04 января 2024