Федоров аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиялары

І тоқсан

1. Федоров ауданында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру туралы.

2. Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2023 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп беруі.

ІІ тоқсан

1. Федоров ауданы бюджетінің 2023 жылы атқарылуы туралы.

2. Федоров ауданы ауылдық округтері бюджеттерінің 2023 жылы атқарылуы туралы. 

ІІІ тоқсан

Федоров ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі.

VІ тоқсан

1. Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы.

2. Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы.

3. Федоров аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2024 жылғы жұмыс қорытындылары туралы.

4. Федоров аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

Тұрақты комиссиялардың отырыстары

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссия

І тоқсан

1. Федоров аудандық ауруханасымен халыққа медициналық қызмет көрсетуі туралы.

2. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 2023 жылы көрсетілген көмек туралы.

ІІ тоқсан

1. Федоров ауданында отбасына патронаттық тәрбиелеуге берілген жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету туралы.

2. Пешков ауылдық округіндегі білім беру ұйымдарының жұмысы туралы.

3. Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 12 «Первомай ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» қаулысын орындау туралы.

ІІІ тоқсан

Қоржынкөл ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы.

VІ тоқсан

1. Федоров ауданында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарының жұмысы туралы.

2. Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның 2023 жылғы 5 мамырдағы № 1 «Федоров ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы» қаулысын орындау туралы.

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

І тоқсан

1. Воронеж ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттері туралы есеп беруі.

2. Федоров ауданының елді мекендерін жылумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету туралы.

ІІ тоқсан

1. Федоров ауданы бюджетінің 2023 жылы атқарылуы туралы.

2. Федоров ауданы ауылдық округтері бюджеттерінің 2023 жылы атқарылуы туралы.

ІІІ тоқсан

Федоров ауданында мал шаруашылығын дамыту туралы.

VІ тоқсан

1. Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы.

2.  Федоров ауданы ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттерінің жобасы туралы.

3. Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссияның 2023 жылғы  25 тамыздағы № 9 ««Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру барысы туралы» қаулысын орындау туралы.

                                     Іс-шаралар. Депутаттардың оқуы

 

1. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша аудандық мәслихат депутаттарымен семинар.

2. Депутаттардың «Мектепке жол» акциясына қатысуы.

3. Депутаттардың сайлаушылар алдында есеп беру кездесулері.

4. Аудандық мәслихат депутаттарының 2024 жылғы қызметін саралау.

Дата публикации
29 декабря 2023