Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы хаттамасы

Төрағалық еткен: С.А. Баймурзина – Қоғамдық кеңестің төрайымы

Қатысқандар: Н.А. Аслиева, Б.А. Бакитжанов, Р.Г. Валеев, А.А. Ворожеев, Б.А. Сапарова, Е.А. Запорожану

 Шақырылғандар: Д.Д. Сарсенбетов – «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы, Краснорылов Ю. П. – Федоров ауданының Ұлтаралық мәдени орталығының басшысы, Ищанова З.Р. – Федоров ауданының ПБ ЖПҚБ әйелдерді қорғау тобының инспекторы.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының «Мәдениет бөлімінің 2023 жылғы жұмысы және 2024 жылға арналған міндеттері туралы» есебі.

(ақпарат. Сарсенбетов Д.Д.)

  1. Федоров ауданының Ұлтаралық мәдени орталығының 2023 жылғы жұмысы және 2024 жылға арналған міндеттері туралы.

(ақпарат. Краснорылов Ю.П.)

  1. «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясының барысы туралы

(ақпарат. Ищанова З.Р.)

ТЫҢДАЛДЫ: «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Д.Д. Сарсенбетов (ақпарат қоса беріледі).

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Б.А. Бахитжанов: 2023 жылы мәдениет қызметкерлері үлкен жұмыс атқарғанын, «Жастар» аудандық мәдениет үйі, ауылдық клубтар мерекелік күндерге арналған концерттерден басқа үйірмелердің жұмысын ұйымдастырып, осы үйірмелерге жастарды, аға буындарды тарта отырып өткізгенін атап өтті.

С.А. Баймурзина: Бүгін біз Ұлтаралық мәдени орталықты да тыңдап, халық мерекелерін өткізген кезде бірлесіп жұмыс істегеніміз кездейсоқ емес. Өткізілген іс-шаралар деңгейі 2022, 2023 жылдарға қарағанда әлдеқайда жоғары болды. Бұл жұмысты жалғастыру қажет.

Н.А. Аслиева: Аудандық «Жастар» мәдениет үйіне ардагерлер хорының жұмысын ұйымдастыруды, спорт комитетіне жастар мен аға буынды тарта отырып, шахмат турнирлерін өткізуді ұсынды.

ШЕШТІ:

  1. «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының есебі назарға алынсын.
  2. Наурыз, Қазақстан халқының бірлігі күні, Жеңіс күні мерекелеріне арналған халықтық мерекелерді Ұлтаралық мәдени орталықпен бірлесе отырып дайындау және өткізу ұсынылсын.
  3. «Жастар» мәдениет үйі ардагерлер хорының жұмысын қайта жандандырсын.

ТЫҢДАЛДЫ: Ұлтаралық мәдени орталығының басшысы Ю.П. Краснорылов (ақпарат қоса беріледі).

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: С.А. Баймурзина, Б.А. Бакитжанов

Ұлттық орталықтардың жақсы жұмысын атап өтті.

ШЕШТІ:

  1. Ю.П. Краснорыловтың Ұлтаралық мәдени орталықтың атқарған жұмысы туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. Наурыз, Қазақстан халқының бірлігі күні, Жеңіс күніне арналған халықтық мерекелерін дайындау кезінде мәдениет бөлімімен бірлесу ұсынылсын.

ТЫҢДАЛДЫ: Федоров ауданының ПБ ЖПҚБ әйелдерді қорғау тобының инспекторы З.Р. Ищанова (ақпарат қоса беріледі).

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: С.А. Баймурзина, Р.Г. Валеев

ШЕШТІ:

  1. «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясын орындау бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат назарға алынсын.
  2. Психологтарды, гендерлік комиссияны, депутаттарды, қоғамдық ұйымдарды қоса отырып халықпен профилактикалық жұмыс жүргізу ұсынылсын.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                            С. Баймурзина

Дата публикации
20 декабря 2023