2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 17 қаулы

Федоров ауданында жастарды қолжетімді және сапалы

техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету туралы

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Федоров ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директорының орынбасары Д.Е. Бермагамбетовтың «Федоров ауданында жастарды қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету туралы» ақпарат мәліметке алынсын.
  2. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауыл шаруашылығы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына ұсынылсын:

- колледжде сапалы техникалық және кәсіптік білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша мақсатты жұмыс жүзеге асырылсын;

- кәсіптік тәжірибелерді ұйымдастыру, кадрлар даярлау және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестік шеңберінде жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасалсын;

- оқу процесіне кәсіби қызмет тәжірибесі бар мамандар тартылсын;

- «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, жалпы білім беретін мектептердің түлектерінде еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік қызмет саласын таңдауды қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;

- колледж түлектерін ресми жұмысқа орналастыруға жәрдем берілсін;

- колледж түлектеріне жұмыспен қамту тетіктерін пайдалану мақсатында (жұмысқа, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, қайта оқыту) Федоров ауданының мансап орталығымен өзара іс-қимыл жасалсын;

- дуальды оқыту, өндірістік практика және колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелерінде барлық көмек көрсететін кәсіпкерлер қызметінің оң мысалдарын БАҚ-та жариялансын;

  1. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2024 жылғы 1 шілдеге қарай ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                                            Е. Запорожану

Дата публикации
20 декабря 2023