2023 жылғы 25 тамыздағы № 9 қаулы

Федоров ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жобаларды

іске асыру барысы туралы

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенконың «Федоров ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру барысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Мемлекеттік мекемелердің басшыларына және ауданның ауылдық округтерінің әкімдеріне ұсынылсын:

- «Ауыл - Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру бойынша мақсатты жұмыс жалғастырылсын;

- бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жоспарланған жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуы қамтамасыз етілсін;

- конкурстық рәсімдердің орындалуын, белгіленген мерзімде шарттар жасасуды қамтамасыз етілсін;

- алдағы кезеңге объектілерге жөндеу жүргізу үшін қажетті техникалық құжаттамалардың уақтылы әзірленуі қамтамасыз етілсін.

  1. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі 2024 жылғы 1 мамырға ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Бюджет, экономика, жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                                                                       А. Байназаров

Дата публикации
20 декабря 2023