Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының 2023 жылғы 22 қарашадағы хаттамасы

Төрағалық еткен: С.А. Баймурзина – Қоғамдық кеңестің төрайымы

Қатысқандар: Н.А. Аслиева, Б.А. Бакитжанов, Р.Г. Валеев, А.А. Ворожеев, Б.А. Сапарова, Е.А. Запорожану, Б.А. Умертаев

 Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының жұмысына Федоров ауданының әкімі Т.Қ. Исабаев қатысады

КҮН ТӘРТІБІ:

Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаевтың «Федоров ауданының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2024 жылға арналған негізгі міндеттер туралы» есебі.

ТЫҢДАЛДЫ: Федоров ауданының әкімі Тауба Каиржанович Исабаев.

«Федоров ауданының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2024 жылға арналған негізгі міндеттер туралы» есеп (есеп қоса беріледі).

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: Р.Г. Валеев, С.А. Баймурзина, Е.А.Запорожану

ШЕШТІ:

  1. Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаевтың «Федоров ауданының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2024 жылға арналған негізгі міндеттер туралы» есебі назарға алынсын.
  2. Қоғамдық кеңес мүшелеріне ауданның 2023 жылға арналған даму бағдарламасының орындалуы және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы халықтың назарына жеткізу ұсынылсын.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                            С. Баймурзина

 

Дата публикации
20 декабря 2023