Қостанай облысы Федоров аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қостанай  облысының Федоров аудандық мәслихаты аумақтық және 37 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының қалыптасқаны туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/activities/directions?lang=kk   орналастырылған.        

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден https://dot.saylau.kz//dot/ кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты  болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін жүзеге асырылады.

 Федоров аудандық мәслихаты

Федоров аудандық мәслихатының  төрағасы -  Исенгазин Берик Ескендирович.

Мәслихаттың мекен-жайы: Федоров ауылы, Красноармейский көш., 53

Жауапты тұлға – Идрисова Жанна Бапановна, №28-кабинет,  8(71442) 22211, 21805, maslihat_fed@mail.kz

Аудандық мәслихат аудандық сайлау комиссиясының және 37 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

  1. Аумақтық сайлау комиссиясы

№

Комиссия атауы

Объект атауы  (үй-жайдың орналасуы)

Комиссияның орналасқан жері

Комиссия мүшелерінің саны

 

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

7

1

Федоров аудандық сайлау комиссиясы

Федоров ауылдық округі әкімдігінің ғимараты

 Федоров ауылы

Красноармейская 

көш.

53

7

 

 

  1. Учаскелік сайлау комиссиялары

 

   

Елді мекен

Көше

Үй

 

 

 

1

2

3

4

5

6

7

 

1

791

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимараты

Федоров а.

Шевченко көш.

57

7

 

2

792

"Жастар"аудандық мәдениет үйі ғимараты

       Федоров а.

Гоголь көш.

15

7

 

3

793

 балалар аудандық кітапханасы "AMANAT" партиясы ҚБ ғимараты

Федоров а.

Мелехов көш.

48

5

 

4

794

М.Маметова ат.

 жалпы білім беретін мектеп ғимараты 

        Федоров а.

Первомайская көш.

59

7

 

5

796

жалпы білім беретін мектеп ғимараты 

Банновка а.

 Гагарин көш.

10

7

 

6

797

бастауыш мектеп ғимараты

Каракопа а.

Кобца көш.

4/1

5

 

7

798

медициналық пункт ғимараты

Цабелевка а.

Центральная көш.

36

5

 

8

799

жалпы білім беретін мектеп ғимараты 

Придорожное

Целинников көш.

3

5

 

9

800

жалпы білім беретін мектеп ғимараты 

      Успеновка а.

Атамекен көш.

1

5

 

10

804

клуб ғимараты

Владыкинка а.

Школьная көш.

10

5

 

11

805

бастауыш мектеп ғимараты

Александрополь а.

Школьная көш.

4

5

 

12

806

негізгі орта мектеп ғимараты

Копыченка а.

Школьная көш.

18

5

 

13

807

ауылшаруашылық колледжі ғимараты

Жаркөл а.

Школьная көш.

6

5

 

14

810

арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ғимараты

Пешковка а.

Ленин көш.

5

5

 

15

811

клуб ғимараты

Пешковка а.

Ленин көш.

104А

7

 

16

812

бастауыш мектеп ғимараты

Калиновка  а.

Центральная көш.

14

5

 

   17

813

бастауыш мектеп ғимараты

     Большое а.

Ленин көш.

21

5

 

18

814

бастауыш мектеп ғимараты

Кравцово а.

Ш. Валиханов көш.

2А

5

 

19

816

клуб ғимараты  

Первомайское а.

Дальневосточная көш.

52

5

 

20

817

бастауыш мектеп ғимараты

Трактовое а.

 Школьная көш.

14

5

 

21

818

клуб ғимараты

Лесное а.

Кравченко көш.

19

5

 

22

820

мектеп ғимараты

Малороссийка а.

Школьная көш.

1

5

 

23

823

білім бөлімі ғимараты

Федоровка а.

Набережная көш.

65

5

 

24

824

 "Олжа Алтын Инвест" ЖШС контора ғимараты

 Белояровка а.

Победа көш.

46

5

 

25

826

клуб ғимараты

Вишневое а.

Достык көш.

3

5

 

26

828

жалпы білім беретін мектеп ғимараты

Ленино а.

Пришкольная көш.

1

5

 

27

829

клуб ғимараты

Жанакой а.

Центральная көш.

15

5

 

28

832

негізгі орта мектеп ғимараты

Мирное а.

Школьная көш.

14

5

 

29

834

бастауыш мектеп ғимараты

         Курское а.

Степная көш.

6

5

 

30

836

клуб ғимараты

 Чистый Шандак а.

Пионерская көш.

3

5

 

31

837

клуб ғимараты

      Алабутала а.

Центральная көш.

7

5

32

841

мектеп ғимараты

Жыланды а.

Оспанов көш.

14

5

33

842

жалпы білім беретін мектебі

Кенарал а.

Гагарин көш.

11

5

34

843

мектеп ғимараты

Запасное а.

Набережная көш.

1

5

35

844

жалпы білім беретін мектеп ғимараты

Новошумное а.

Оспанов көш.

21

5

36

846

Абай ат. жалпы білім беретін мектеп ғимараты

Федоровка а.

Фрунзе көш.

17

5

37

847

жалпы білім беретін мектеп ғимараты

Костряковка а.

Абай көш.

31

5

                 

 Федоров аудандық мәслихаты

Дата публикации
11 ноября 2023