Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру барысы туралы
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
- жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру ұсынылсын.
- ауданның жайылымдарына тұрақты түгендеу жүргізу;
- жайылымдардың қолда бар қорлары туралы халықты хабардар ету ұсынылсын.
- пайдалану мерзімдері бойынша жануарларды орналастыру схемасын сақтау;
- жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы жайылымды пайдаланушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды өздерінің интернет-ресурстарына орналастыру ұсынылсын.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану