Первомай ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- ауылдық округтің салықтарын жинау толықтығын, бюджеттің сапалы орындалуы мен жоспарлануын, бюджет қаражаты мен кіріс көздерінің пайдаланылуына талдау және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
- округ тұрғындарын мал шаруашылығын дамытуға, шағын бизнесті қолдауға бағытталған, нәтижелі жұмыспен қамту, округке инвестициялық жобаларды тарту және т.б. мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту бойынша жұмысты жүргізу;
- азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қолдау, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп, округте туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауда ұстау және шешу жолдарын табу;
- округтің елді мекендері көшелерін абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру ұсынылсын.
- Первомай ауылдық клубында терезелерді ауыстыру мәселесін қарастыру;
- Первомай ауылдық кітапханасында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, кітапханадағы жиһазды ауыстыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылсын.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану