Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің 2023 жылғы 25 шілдедегі отырысының хаттамасы

Төрағалық:

С.А. Баймурзина – Қоғамдық кеңестің төрайымы

Қатысқан Қоғамдық кеңестің мүшелері:

 

Н.А. Аслиева, Б.А. Бакитжанов,

Г.С. Жакаев, Е.А. Запорожану,

Б.А. Сапарова, Ж.Б. Ильясова                      

Қоғамдық кеңес жұмысына қатысқандар:

 

Т.К. Исабаев – Федоров ауданының әкімі;

Е.А. Салыкбаев – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы;

А.Б. Жабаев, Д.К. Утебаева;

С.Ф. Завощенко – «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы;

М.С. Сыргабаев – Федоров аудандық ауруханасының бас дәрігері;

И.А. Бекмухамбетова – «Гендерлік қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы;

А.С. Умуртаева – Федоров ауданы әкімі аппаратының басшысы.

 КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Қостанай облысында мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет туралы.

 (ақпарат. Салыкбаев Ерлан Амандыкович)

  1. Аудан халқына медициналық қызмет көрсету туралы.

 (ақпарат. Сыргабаев Мылтыккали Сегизбаевич)

  1. Гендерлік орталықтың жұмысы туралы.

(ақпарат. Бекмухамбетова Инна Александровна)

  1. «Дипломмен ауылға 2023 жыл» бағдарламасын іске асыру туралы.

    (ақпарат. Завощенко Светлана Франковна)

 ТЫҢДАЛДЫ: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Амандыкович Салыкбаев – Қостанай облысында мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет туралы.

(баяндамасы қоса беріледі)

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: Федоров ауданының әкімі Тауба Каиржанович Исабаев, Қоғамдық кеңестің төрайымы Сауле Арстановна Баймурзина.

ШЕШТІ:

  1. Қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелерге ұсынылсын:

1) 2023 жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық мазмұнды бейнероликтер әзірлеу, оларды интернет-ресурстың ресми беттерінде орналастыру және LED экранда трансляциялауды қамтамасыз ету;

2) 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы 3 баннерді орналастыруды қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселе бойынша ай сайын халықпен тікелей эфирлерді өткізу.

  1. Федоров ауданы әкімі аппаратының басшысы А.С. Умуртаеваға 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына арналған техникалық жабдықты жаңарту ұсынылсын.

ТЫҢДАЛДЫ: Федоров аудандық ауруханасының бас дәрігері Мылтыккали Сегизбаевич Сыргабаев – Аудан халқына медициналық қызмет көрсету туралы.

(баяндамасы қоса беріледі)

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: Федоров ауданының әкімі Тауба Каиржанович Исабаев, Қоғамдық кеңестің мүшесі Геннадий Султанович Жакаев, Қоғамдық кеңестің мүшесі Елена Александровна Запорожану.

ШЕШТІ:

Аудандық аурухананың бас дәрігеріне ұсынылсын:

  1. мектеп түлектерімен медициналық жоғары оқу орындарында, колледждерде оқыту бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу;
  2. тегін дәрі-дәрмектерге бюджеттік өтінім беру кезінде созылмалы аурулары бар барлық науқастарды ескеру.

ТЫҢДАЛДЫ: «Гендерлік қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Инна Александровна Бекмухамбетова – Гендерлік орталықтың жұмысы туралы.

(баяндамасы қоса беріледі)

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: Қоғамдық кеңестің төрайымы Сауле Арстановна Баймурзина, Қоғамдық кеңестің мүшесі Елена Александровна Запорожану.

ШЕШТІ:

  1. И. А. Бекмухамбетованың ақпараты назарға алынсын.
  2. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін әлеуметтік интеграцияны ұйымдастыру үшін Монтессори бөлмесі құрылсын.

ТЫҢДАЛДЫ: Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Светлана Франковна Завощенко – «Дипломмен ауылға 2023 жыл» бағдарламасын іске асыру туралы.

(баяндамасы қоса беріледі)

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: Федоров ауданының әкімі Тауба Каиржанович Исабаев, Қоғамдық кеңестің төрайымы Сауле Арстановна Баймурзина.

 ШЕШТІ:

  1. С.Ф. Завощенконың ақпараты назарға алынсын.
  2. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, «Жастар практикасы туралы» ақпаратты жас мамандарға жеткізу жұмысы жалғастырылсын.

С. А. Баймурзина  кеңес отырысының қорытындысын шығарып, шілде айында Қоғамдық кеңес өткізген мониторинг жөніндегі ақпаратты комиссия мүшелерінің назарына жеткізді.

Кезекті отырыста қарастырылатын мәселелер мен жауаптылар белгіленді.

Қоғамдық кеңестің төрайымы                                                С. Баймурзина

 

 

Дата публикации
04 августа 2023