2023 жылғы 15 маусымдағы № 8 қаулы

Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар

объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы

 Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы» ақпарат мәліметке алынсын.
  2. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

- ауданның әлеуметтік маңызы бар объектілерін мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеу бойынша мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс жалғастырылсын;

- БАҚ арқылы мүгедектік және әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерінде аудан халқының ақпараттылық деңгейі арттырылсын.

  1. Федоров ауданының ауыл және ауылдық округтерінің әкімдеріне әлеуметтік инфрақұрылым объектілері мен бизнес саласын мүгедек адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және мониторинг жүргізуді ұсынылсын.
  2. «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі», «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің және «Федоров аудандық ауруханасы» КМК басшыларына ұсынылсын:

- 2022 жылға арналған бейімдеу жоспарына енгізілген объектілерді бейімдеу жөніндегі іс-шаралары (ангар үлгісіндегі спорт залы, «Жастар» мәдениет үйі, Лесное а. клубы, Айналайын бөбекжайы, Пешков ДА, Камышин ФАП) толық көлемде аяқталсын;

- 2023 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар объектілерді мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуді жүзеге асырылсын: (Жаркөл ФАП, Воронеж ФАП, Успенов ФАП, «М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Костряков жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Воронеж жалпы білім беретін мектебі» КММ, Жаңахай ауылдық кітапханасы, Жаңахай ауылдық клубы, Первомай ауылдық клубы).

  1. Первомай, Вишневый ауылдық округтерінің әкімдеріне ауылдық округтер әкімдері аппараттарының ғимараттарын мүгедек адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеу ұсынылсын.
  2. «Қазақтелеком» АҚ филиалының Қостанай ДЭСД МС КБО Федоров ауданының ЛТО басшысына мүгедектігі бар адамдар үшін өз ғимаратының қолжетімділігін қамтамасыз ету ұсынылсын.
  3. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2024 жылғы 1 қаңтарға қарай ұсынылсын. 
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы                                                     Е. Запорожану

Дата публикации
27 июня 2023