2023 жылғы 15 маусымдағы № 7 қаулы

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде

кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау шараларын іске асыру туралы

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау шараларын іске асыру туралы» ақпарат назарға алынсын.
  2. «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

- бизнес-ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыруды жалғастырсын;

- кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз етуге ерекше назар аудару, аудан аумағында қолайлы бизнесті дамытудың жаңа және тиімді жолдарын белсенді насихаттасын;

- кәсіпкерлік субъектілері қызметінің жетістіктерін жариялауда бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасын;

  1. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ ұсынылсын:

- ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, ұлттық жобаға қатысу тетіктері мен шарттары туралы ауыл және ауылдық округ тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жалғастырсын;

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне сапалы оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты жалғастырсын.

  1. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі 2024 жылғы 1 қаңтарына ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару

және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                                                                                А. Байназаров

 

Дата публикации
27 июня 2023