|
№ р/с |
Қоғамдық кеңес функцияларының атауы |
Саны |
Қарастырылған негізгі мәселелер және нәтижелері |
|
1 |
Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізу, оның ішінде: |
2 |
1. Жастар ресурстық орталығының 2022 жылы аудан жастарымен жүргізген жұмысы және 2023 жылға арналған жоспарлары туралы. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асыруға жоспарланған жобалардың тізбесі туралы. 2. «Федоров ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы жұмысшы мамандықтары бойынша курстық оқытуды ұйымдастыру. 3. Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөніндегі бағдарламаның орындалуы бойынша мониторинг нәтижелері туралы. 4. Балалардың, оның ішінде мүгедек балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы. |
|
2 |
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау, оның ішінде: |
3 |
1. Федоров аудандық мәслихатының «Жерді, бағалау аймақтарының шекараларын аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешімінің жобасы. 2. Федоров ауданы әкімдігінің ««Мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 170 «Федоров ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасы туралы» қаулысының жобасы. 3. Федоров аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 21 ««Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы. |
|
3 |
Қоғамдық тыңдаулар өткізу, оның ішінде: |
3 |
1. Су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалу барысы туралы. 2. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және Федоров ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және оңалту» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде. 3. Ауданның елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру бағдарламасын орындау туралы. |
|
4 |
Мемлекеттік органдар басшыларының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін тыңдау, оның ішінде: |
3 |
1. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Т.А. Аслиеваның есебі. 2. «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Д.А. Бектыбаеваның есебі. 3. Федоров ауылдық округінің әкімі В.Г. Воробкалоның есебі. |
|
5 |
Қоғамдық мониторинг жүргізу, оның ішінде: |
|
1. Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша. |
|
6 |
Өтініштің түсуі, оның ішінде: |
2 |
Тұрмыстық: 1. Қосарал ауылдық округіндегі балалар ойын алаңын жөндеу және абаттандыру туралы (оң шешім тапты). 2. Абаттандыру және Гагарин көшесіндегі су құбыры құдығының люгін жабу бойынша (оң шешілді) |
Қоғамдық кеңестің төрайымы С. Баймурзина