Мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 170 «Федоров ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мәслихаттың «Федоров ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 170 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Федоров ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6572548,2 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 2701505,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 66279,2 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша –20135,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 3784629,0 мың теңге;

2) шығындар – 6995250,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 5502,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 46575,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 41073,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -428204,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –   428204,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
12 июня 2023