Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің 2023 жылғы 26 мамырдағы отырысының хаттамасы

Төраға – С.А.Баймурзина, ҚК төрайымы

Қатысқан ҚК мүшелері: Н.А. Аслиева, А.А. Ворожеев, Р.Г. Валеев, Е.А. Запорожану, Б.А. Сапарова, Б.А. Бакитжанов

Шақырылғандар: Д.А. Бектыбаева – «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы

В.Г. Воробкало – Федоров ауылдық округінің әкімі.

Аудан ардагерлері кеңесінің мүшелері – Т.Н. Черная, А.Х. Куржаева, З.А. Шашкова

 КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Балалардың, оның ішінде мүгедек балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы. (Ақпарат. Бектібаева Д. А.).
  2. «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Д.А. Бектыбаеваның есебі.
  3. Федоров ауылдық округі әкімі В.Г. Воробкалоның «Округтің елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру» есебі.

 ТЫҢДАЛДЫ: «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Д.А. Бектыбаева «Балалардың, оның ішінде мүгедек балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» (анықтама қоса беріледі).

 СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: Н.А. Аслиева, С.А. Баймурзина, Е.А. Запорожану.

ШЕШТІ:

  1. «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Д.А. Бектыбаеваның ақпараты назарға алынсын.
  2. Қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды бақылауға алу, ЖРО, Қоғамдық кеңес, «Аманат» партиясы филиалымен бірлесіп кешкі уақытта рейдтер жүргізу ұсынылсын.
  3. ЖРО балаларды спорттық іс-шараларға, еріктілер қозғалысына тарту ұсынылсын.

ТЫҢДАЛДЫ: «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Д.А. Бектыбаева, Федоров ауылдық округінің әкімі В.Г. Воробкало.

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: З.А. Шашкова, Т.Н. Черная, С.А. Баймурзина.

 ШЕШТІ: «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Д.А. Бектыбаеваның, Федоров ауылдық округінің әкімі В.Г. Воробкалоның есептері назарға алынсын.

Қоғамдық кеңестің төрайымы                                            С. Баймурзина

Дата публикации
06 июня 2023