2023 жылғы 17 мамырдағы № 4 қаулы

Федоров ауданы ауылдық округтері және Новошумный ауылы бюджеттерінің                   2022 жылы атқарылуы туралы

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия «Федоров ауданы ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің 2022 жылы атқарылуы туралы» мәселені талқылау қорытындылары бойынша тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Федоров ауданы әкімі орынбасарының, Федоров және Пешков ауылдық округтері әкімдерінің «Федоров ауданы ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің 2022 жылы атқарылуы туралы» ақпараттары мәліметке алынсын.
  2. Ауылдық округтер және Новошумный ауылының әкімдеріне бюджеттік бағдарламаларды уақтылы іске асыруға бағытталған қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
  3. Ауылдық округтер және Новошумный ауылының әкімдеріне Федоров ауданы ауылдық округтері және Новошумный ауылы бюджеттерінің 2022 жылы атқарылуы туралы есептерді қарастыру қорытындылары бойынша әзірленген Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстары мен ұсынымдарын назарға алу ұсынылсын.
  4. Осы мәселе Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ІІ сессиясының қарауына енгізілсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Бюджет, экономика, жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                         А. Байназаров

Дата публикации
22 мая 2023