Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2022 жылы атқарылуы туралы
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия «Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2022 жылы атқарылуы туралы» мәселені талқылау қорытындылары бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Федоров ауданы әкімі орынбасарының, «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемелері басшыларының міндетін атқарушыларының «Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2022 жылы атқарылуы туралы» ақпараттары мәліметке алынсын.
- Ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына Федоров ауданы бюджетінің 2022 жылы атқарылуы туралы есепті қарастыру қорытындылары бойынша әзірленген Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстары мен ұсынымдарын назарға алу ұсынылсын.
- Осы мәселе Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ІІ сессиясының қарауына енгізілсін.
- Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы ретінде, маған Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ІІ сессиясында аудандық бюджеттің 2022 жылы атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындымен сөз сөйлеу тапсырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Бюджет, экономика, жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы А. Байназаров