Федоров ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- БАҚ, баннерлер, парақшалар, әлеуметтік жобалар орнату арқылы аудан халқы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жүргізу;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау тұрғысынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жалғастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы материалдарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдескені үшін көтермелеу тетіктері туралы материалдарды аудандық газетте, әлеуметтік желілерде, Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру;
- өз қызметіне жастардың еріктілер қозғалысын тарту ұсынылсын.
- өз жұмысында заңдылық қағидаттарын, адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басымдығын, жариялылық пен ашықтықты, іскерлік этика нормаларын мүлтіксіз сақтау;
- бюджет қаражатын бөлу мен жұмсаудың, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін және т.б. сақтау бойынша білімдерін арттыру жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану