2023 жылғы 27 сәуірдегі Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының хаттамасы

Төрағалық: С.А. Баймурзина – Қоғамдық кеңестің төрайымы   

Қатысқандар: ҚК мүшелері – Н.А. Аслиева, Б.А. Бакитжанов, Р.Г. Валеев,

                           Е.А. Запорожану, Б.А. Умертаев, А.А. Ворожеев                       

Шақырылғандар: А.Д. Куантаев, Т.А. Аслиева, О.Ю. Сложеникина,

                                 Н.А. Пилипенко, А.В. Статьева, М.Б. Ахметчин

КҮН ТӘРТІБІ

  1. Жастар ресурстық орталығының 2022 жылы аудан жастарымен жүргізген жұмысы және 2023 жылға арналған жоспарлары туралы. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асыруға жоспарланған жобалардың тізбесі туралы.
  2. «Федоров ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы жұмысшы мамандықтар бойынша курстық оқытуды ұйымдастыру.
  3. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бамшысы Т.А. Аслиеваның есеп беруі.
  4. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бағдарламалардың орындалуы бойынша мониторинг нәтижелері туралы.

Тыңдалды: «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Б.А. Бакитжанов.

(ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: «Жастар ресурстық орталығы» КММ мүшелері – директордың міндетін атқарушы М.Б. Ахметчин, заңгер А.В. Статьева, жастармен жұмыс жөніндегі маман Н.А. Пилипенко.

(ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: Қоғамдық кеңес мүшелері – С.А. Баймурзина, Н.А. Аслиева.

 

Шешті:

  1. «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Б.А. Бакитжановтың ақпараты назарға алынсын.
  2. «Жастар ресурстық орталығы» КММ еріктілермен жұмысты жандандыруға, осы жұмысқа жұмысшы жастарды тарту ұсынылсын.
  3. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы», «Дипломмен ауылға», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» және т.б. мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  4. Жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Тыңдалды: «Федоров ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы А.Д. Қуантаев - ««Федоров ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы жұмысшы мамандықтары бойынша курстық оқытуды ұйымдастыру».

(ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: Е.А. Запорожану, Б.А. Умертаев

Шешті:

  1. «Федоров ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы А.Д. Қуантаевтың ақпараты назарға алынсын.
  2. «Федоров ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлердің электрондық еңбек биржасында онлайн оқытуын қарастыру және ұйымдастыру ұсынылсын.
  3. Халыққа, жұмыссыздарға көзделген қысқа мерзімді кәсіптік курстардың жоспарлары жеткізілсін.

Тыңдалды: О.Ю. Сложеникина – Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бағдарламалардың орындалуы бойынша мониторинг нәтижелері туралы.

(ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: С.А. Баймурзина, Н.А. Аслиева

Шешті:

  1. О.Ю. Сложеникинаның ақпараты назарға алынсын.
  2. Мониторингті тұрақты негізде жүргізу ұсынылсын.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар барлық өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізіп, халықтың назарына жеткізсін.

Қоғамдық кеңестің төрайымы                                                С. Баймурзина

 

 

Дата публикации
03 мая 2023