Есептік кезеңдегі фракцияның жұмысы бекітілген жоспар негізінде жүзеге асырылды, оған сәйкес фракция жиналыстары өткізілді. Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында барлығы 4 отырыс өткізілді.
Фракция жиналыстарында 13 мәселе қаралды, 54 ұсыныс берілді, оның ішінде 49-ы орындалды. Қаралған әрбір мәселе ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған, «АMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының тармақтарының орындалуын қадағалайды.
Депутаттық фракция жұмысына аудандық мәслихаттың 10 депутаты, облыстық мәслихаттың 1 депутаты – Т.Я. Пфунт қатысты.
Депутаттық фракция қызметінің негізгі міндеті мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және бақылау, «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру.
Фракция жиналыстарында мынадай сұрақтар қаралды:
- «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының жол картасын 2021 жылы орындау қорытындысы. Орындалмау тәуекелдерін болдырмау мақсатында 2022 жылға арналған жол картасын талдау.
- Федоров аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
- Федоров ауданының 2021 жылғы бюджетін атқару туралы.
- Федоров ауданы ауылдық округтерінің 2021 жылғы бюджеттерін атқару туралы.
- «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы жол картасының 2022 жылдың 1 тоқсанында орындалуы туралы.
- Федоров ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі.
- «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы жол картасының 2022 жылдың 8 айы ішінде орындалуы туралы.
- Жергілікті атқарушы органдардың «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының жол картасын орындауға Федоров ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған жоспарының тармақтарын қаржыландыруы туралы.
- Федоров ауданының 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы.
- Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттері туралы.
- «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын іске асыру барысы туралы.
- «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы жол картасының 2022 жылдың 12 айы ішінде орындалуы туралы.
- Депутаттық фракцияның 2022 жылғы жұмысын талдау және фракцияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары.
Федоров аудандық филиалында қоғамдық қабылдау бөлмесі өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады. Кестеге сәйкес депутаттар азаматтардың жеке қабылдауларын өткізді. Жыл басынан партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне 264 адам келді. Азаматтар өтініштерінің жалпы санынан 137-сі оң шешімін тапты, ал 127-сі бойынша консультативтік көмек көрсетілді немесе түсініктемелер берілді. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен барлық өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде қаралды.
Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінген азаматтарды әлеуметтік қолдау, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қызықтырды.
Алдағы үш жылда партияның әрбір филиалының алдында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша үлкен міндет тұр. Федоров ауданы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы 2020 жылы Саяси Кеңес Бюросында бекітілді.
Сайлауалды бағдарламаның негізінде «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша 90 индикативті көрсеткіштен тұратын жол картасы әзірленді.
Жалпы, 2022 жылдың 12 айы ішіндегі сайлауалды бағдарламасына жүргізілген талдау Жол картасының 90 пунктінен 53 пункті (59%) орындалғанын, 14 (15%) орындау сатысында тұрғанын, 7 (8%) бойынша орындау мерзімі басталмағанын. оның ішінде 16 (18%) бойынша орындалмау қаупі туатынын көрсетті.
Мәселен, сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде мынадай ірі іс-шаралар іске асырылды:
- 8930 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды;
- 11 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды;
- «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 60 адам оқытылды;
- «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 15 субсидия және 14 грант берілді;
- 692 адам жұмысқа орналастырылды;
- «Федоровка-Новошумное-Кеңарал» автомобиль жолының бағыты бойынша ағымдағы жылы апатты-қауіпті учаскелерге шұңқырлы жөндеу жүргізілді, жұмыс көлемі 2800 шаршы метрді құрады. Сондай-ақ, «Федоровка-Новошумное-Кеңарал, 21-40 км» автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 1,5 млн.теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлінді. «Успеновка - т/ж станциясы» (1,5 км) бағыты бойынша 2021 жылы жаңа материал қосып, шұңқырлардың, жолдардың, басқа да кедір-бұдырлықтардың пайда болуын жою үшін топырақ жамылғысы бар жолдарды бейіндеуге 9744,0 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінді;
- Кравцов, Энгельс, Павлов кентішілік жолдарын жөндеу аяқталды;
- Кеңарал, Банновка және Чеховка ауылдары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді және су құбыры пайдалануға берілді, сондай-ақ 2022 жылы Успеновка және Придорожное ауылдарында су құбыры пайдалануға берілді;
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға 12 бюджеттік кредит берілді;
- Ауданға дәрігерлерді тартылды: дәрігер нарколог, лор, окулист, ЖПД-2, медбикелер -3, фельдшер -1, акушерка-1;
- Пешков ЖМ үшін мамандандырылған физика кабинеті сатып алынды;
- Пешковка ауылында көпфункционалды спорт алаңын (хоккей корты) салынды;
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарға 29 көтерме жәрдемақы және 12 кредит берілді;
- Ағымдағы жылы 147 адам жұмысқа орналастырылды.