2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 қаулы

Федоров ауданындағы білім беру саласындағы өзекті мәселелер туралы

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.А. Бектыбаеваның «Федоров ауданындағы білім беру саласындағы өзекті мәселелер туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар, оның ішінде арнайы жағдайлар жасау;

- оқушылардың шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, патриотизм мен адамгершілікке тәрбиелеу;

- балалардың өмірлік белсенділігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қосымша білім беруді дамыту және жұмысын жалғастыру;

- ауданның білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын тұрақты негізде нығайту;

- педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды жоспарлау және ұйымдастыру;

- кәсіби деңгейін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына білім беру саласындағы өзекті тақырыптар бойынша семинарлар өткізу.

  1. Ауданның бөбекжай-бақшалары мен жалпы білім беретін мектептерінің директорларына ұсынылсын:

- мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету;

 - ата-аналармен, медицина қызметкерлерімен және қызмет көрсетушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасай отырып, ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын тұрақты негізде бақылауды жүзеге асыру;

- мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық стендтерді ресімдеуді жүзеге асыру;

- әлеуметтік желілерде өз қызметін жариялау, сондай-ақ ата-аналарды уақтылы хабардар ету бойынша жұмысты жандандыру;

- мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің дағдыларын көрсетудің белсенді түрлерін қолдану.

  1. «Федоров аудандық ауруханасы» КМК балалардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оқушылардың салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануын насихаттау және ынталандыру бойынша жұмыс жүргізу ұсынылсын.
  2. «Федоров аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директорына Дене шынықтыру және спорт басқармасына шағын автобус сатып алуға бюджеттік өтінім жіберу ұсынылсын.
  3. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп 2023 жылғы 1 шілдеге дейін берілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                        Н. Жупар

Дата публикации
21 декабря 2022