2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 18 қаулы

Федоров ауданында тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Федоров ауданының сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Ж.Ж. Бексултановтың «Федоров ауданында тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. «Федоров ауданының сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі» ММ ұсынылсын:

- 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша мақсатты жұмыстарды жалғастыру;

- Бағдарламада көзделген нысаналы индикаторларға уақтылы қол жеткізуді және іс-шаралардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету.

  1. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі 2023 жылғы 1 сәуіріне ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Бюджет, экономика, жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрайымы                                      Т. Анисимова

Дата публикации
12 сентября 2022