Камышин ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы
және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын және халықтың өмір сапасын арттыру жөніндегі жұмысын тұрақты негізінде жүргізу;
- ауылдық округтің салықтарының толық жиналуын, бюджеттің сапалы орындалуын және жоспарлануын қамтамасыз ету;
- халықты малшаруашылығын дамытуға, шағын бизнесті қолдауға, нәтижелі жұмыспен қамтуға, округке инвестициялық жобаларды тарту және т.б. бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту бойынша жұмыс жүргізу;
- халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосу жөніндегі жұмысты бақылауға алу;
- жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп округтегі туындайтын мәселелерді шешу жолдарын табу және үнемі бақылауда ұстау, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын қолдау;
- округтің елді мекендеріндегі көшелерді абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша жұмысты жалғастыру;
- фельдшерлік-акушерлік пунктпен бірлесіп, халық арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесін түсіндіруді жүргізу;
- ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратына жөндеу жүргізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылсын.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Н. Жупар