«Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау «Дені сау ұлт»»
ұлттық жобасын іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- халыққа сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетсін;
- жүкті әйелдердің денсаулығын сақтауды және балалардың денсаулығын нығайтуды қамтамасыз етсін;
- ауданның медициналық мекемелерінің кадрлық әлеуетін нығайтсын;
- ауылдық елді мекендерді бастапқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмекпен қамтамасыз етсін;
- жылжымалы медициналық кешенді тарта отырып, медициналық қызмет алған халықты қамтуды ұлғайтсын;
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» және «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемелерімен бірлесіп салауатты өмір салтын арттырсын, темекі шегу мен семіздікті азайту мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізсін;
- БАҚ және әлеуметтік желілерде салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттырсын.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Н. Жупар