Федоров ауданы аудандық бюджетінің
2021 жылы атқарылуы туралы
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия «Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2021 жылы атқарылуы туралы» мәселені талқылау қорытындылары бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі», «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемелері басшыларының «Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2021 жылы атқарылуы туралы» ақпараттары мәліметке алынсын.
- Ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына Қостанай облысы Федоров ауданы аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
- Ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына Федоров ауданы бюджетінің 2021 жылы атқарылуы туралы есепті қарастыру қорытындылары бойынша әзірленген Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстары мен ұсынымдарын назарға алу ұсынылсын.
- Осы мәселе Федоров аудандық мәслихатының жетінші шақырылымы VІІ сессиясының қарауына енгізілсін.
- Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Татьяна Ивановна Анисимоваға Федоров аудандық мәслихатының жетінші шақырылымы VІІ сессиясында аудандық бюджеттің 2021 жылы атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындымен сөз сөйлеу тапсырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Бюджет, экономика, жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрайымы Т. Анисимова