Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2022 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп беруі

 

Аудандық мәслихат депутаты А.С. Резниктің Федоров аудандық мәслихатының ІХ сессиясында сөз сөйлеуі

 Қайырлы күн құрметті Тауба Каиржанович, депутаттар мен шақырылғандар!

 Аудандық мәслихатта өз қызметін 2 тұрақты комиссия жүзеге асырады: бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия және әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия.

Сіздерге аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2022 жылы атқарылған жұмыс туралы есебін ұсынуға рұқсат етіңіз.

Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады, аудандық мәслихаттың регламенті мен жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істейді.

Екі тұрақты комиссия ағымдағы жылы ауданның атқарушы органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары мен қоғамдық өкілдерінің қатысуымен түрлі әлеуметтік бағыттағы 11 мәселені қарады.

Депутаттар тұрақты комиссиялардың отырыстарына дайындық кезінде объектілерге баруды практикаға енгізген.

Солай, есептік кезеңде «Новошумный ауылы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттері туралы есеп беруі туралы» мәселе бойынша тұрақты комиссияның отырысына дайындық шеңберінде депутаттардың жұмыс тобы наурыз айында фельдшерлік-акушерлік пунктке, ветеринарлық инспектордың кабинетіне, мәдениет үйіне, пошта бөлімшесіне, шағын орталыққа, мектепке барды. Сапар барысында аудандық мәслихат депутаттары ауылдың абаттандырылуы мен санитарлық жағдайын оң бағалады.

Камышин ауылдық округінің әлеуметтік саласын және оның одан әрі даму перспективаларын зерделеу мақсатында депутаттар делегациясы тамыз айында Чистый Чандақ ауылына барды. Учаскелік полиция инспекторының, ветеринарлық дәрігердің кабинеттерінде, ауылдық кітапханада, пошта бөлімшесінде және ауылдық клубтың мәжіліс залында болды. Сондай-ақ, депутаттар 2019 жылы «Тұрар» ЖШС мемлекеттік жеке серіктестік аясында салған ФАП ғимаратында, жалпы білім беретін мектепте және шағын орталықта болды. Сапардың соңғы нысаны 2022 жылдың наурызынан бастап жұмыс істей бастаған су тарату пункті болды.

Сапар барысында аудандық мәслихат депутаттары ауылды абаттандыру бойынша ұсыныстар берді, ауылдық округке фельдшер қажет екенін, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратын күрделі жөндеу қажет екенін, дәріханаға қажеттілік бар екенін атап өтті.

Федоров ауданында тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қыркүйек айында депутаттар Успенов және Придорожное ауылдарындағы үшінші көтергіш сорғы станцияларының жұмысымен танысты.

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия Федоров ауданында осы бағдарламаны іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, желтоқсан айында депутаттардың жұмыс тобы «Федоров ауданың білім беру саласындағы өзекті мәселелер туралы» мәселесін зерделеу мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы және М. Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектептерде, «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы және аудан орталығының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде болды.

Депутаттар ауданның білім беру мекемелерінде білім сапасын жүйелі түрде жақсартуға, білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мақсатты қызмет жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, тұрақты комиссиялардың отырыстарында «Федоров ауданында жастар саясатын іске асыру туралы», «Федоров ауданы аудандық бюджеті мен ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің 2021 жылы атқарылуы туралы», «Федоров ауданында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу туралы» және «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар туралы» мәселелері қаралды.

Кеше аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет және Федоров ауданының ауыл және ауылдық округтері бюджеттерінің жобалары тыңдалды.

Барлық жоспарланған мәселелер уақтылы қаралды. Тұрақты комиссиялардың өткізілген отырыстары туралы ақпараттық материалдар аудандық «Федоровские новости» газетінің беттерінде және Федоров аудандық мәслихатының интернет-ресурсында үнемі жарияланады.

Алдағы уақытта аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз жұмысын жетілдіріп, өз қызметінің нысандары мен әдістерін жандандыратын болады.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
27 декабря 2022