Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2023 жылғы 9 қаңтарда аудандық мәслихат төрағасының 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде аудандық мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-басқару қызметі зерделенді. Мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін заңнаманы зерделеу қорытындысы бойынша өз қалауы бойынша шешім қабылдауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін ережелер анықталған жоқ (ММ ережесіне, аудандық мәслихаттың регламентіне, Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесіне талдау жүргізілді, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңы зерделенді).
2023 жылғы 9 қаңтарда өткен сессияда «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді.
Аудандық мәслихаттың барлық әзірленген шешім жобалары жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 451 қаулысымен бекітілген Ережелеріне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамадан өтеді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешім жобалары Кәсіпкерлер палатасы филиалының қорытындысын алады.
Ай сайын Федоров аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық актілерінің мониторингі өткізіледі.
Мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-басқару қызметінде ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға 2022 жылдың ІІ-жартыжылдығында мына бағыттар тартылды:
1) Персоналды басқару, оның ішінде кадр ауысуы:
Аппараттың штат саны 5 бірлікті құрайды, нақты саны 5 қызметкер. Есептік кезеңде ауысуы – 0, оның ішінде таза ауысуы – 0.
Есептік кезеңде аппарат қызметкерлері тәртіптік жаупкершілікке тартылмады.
Аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстырылды, олар жеке істеріне тігілді. Аппарат қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау фактілері анықталмаған.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің мәтіні ақпараттық стендте және Федоров аудандық мәслихатының ресми сайтында орналасқан.
Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу:
Аудандық мәслихат аппараттында туыстық байланысы бар мемлекеттік қызметшілер жұмыс істемейді, тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін емес.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету:
«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру:
«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
5) Бақылау функцияларын іске асыру:
«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-де бақылау функциялары жоқ.
6) Ұйымдастыру-бақылау қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
2022 жылдың ІІ-жартыжылдығында 6 жолданым келіп түсті, 1 жеке тұлғадан, 5 заңды тұлғалардан. Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралды, олар бойынша түсініктемелер берілді және жауаптар қайтарылды.
Прокурорлық ден қою актілері келіп түспеді.
Есептік кезеңде мемлекеттік органға қатысты тексеру жүргізілмеді.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу бекітілген жоспарға сәйкес, тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылды. Мемлекеттік сатып алуды тиісінше өткізуі қамтамасыз етіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ 2022 жылға арналған бюджеттік бағдарламалары «Ашық бюджеттер» порталында уақытылы орналастырылды.
«Ашық бюджеттер» порталында «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасының жобасы орналастырылған. Бюджеттік бағдарламаның жобасы бойынша ескертпелер мен ұсыныстар жоқ.
Федоров аудандық мәслихатының азаматтарды қабылдау кестесі және «сенім телефоны» нөмірі ақпараттық стендте және Федоров аудандық мәслихатының ресми сайтында орналасқан.
Бұқаралық ақпарат құралдарына («Федоровские новости» аудандық газетіне, Федоров аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсына, Facebook әлеуметтік желісіне) жүргізілген мониторинг аудандық мәслихаттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар болмағанын көрсетті.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалмады.
Федоров аудандық мәслихаты
аппаратының басшысы Ж. Мурзахметова
КЕЛІСІЛДІ
Федоров аудандық
мәслихатының төрағасы
____________ Б. Исенгазин
«___» __________ 2023 жыл