Қостанай облысы Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Федоров аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден тұрады. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлғалар оның жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштерді қоса береді.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылып жатқандарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 30 желтоқсан мен 2023 жылғы 13 қаңтарды қоса алған аралықтағы кезеңде (дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта;

2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірмені;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштерін.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері Федоров аудандық мәслихатының сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/activities/directions?lang=kk) «Сайлау комиссияларын қалыптастыру» тарауында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабы 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

 Федоров аудандық мәслихаты

 Мәслихаттың орналасқан жері: Федоров ауылы, Красноармейский көшесі, 53.

Берик Ескендирович Исенгазин – Федоров аудандық мәслихатының хатшысы.

Жауапты тұлға – Жанна Бапановна Идрисова № 28-кабинет,  8(71442)22211, 21805, maslihat_fed@mail.kz.

Федоров аудандық мәслихаты Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

р/с

№

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының

орналасқан жері

1.     

№ 1 округтік сайлау комиссиясы

Ленино ауылы, Пришкольная көшесі, 1, мектеп ғимараты

2.     

№ 2 округтік сайлау комиссиясы

Кеңарал ауылы, Гагарин көшесі, 11, мектеп ғимараты

3.     

№ 3 округтік сайлау комиссиясы

Пешковка ауылы, Ленин көшесі, 77, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты

4.     

№ 4 округтік сайлау комиссиясы

Пешковка ауылы, Ленин көшесі, 77, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты

5.     

№ 5 округтік сайлау комиссиясы

Банновка ауылы, Гагарин көшесі, 10, мектеп ғимараты

6.     

№ 6 округтік сайлау комиссиясы

Придорожное ауылы, Целинников көшесі, 2, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты

7.     

№ 7 округтік сайлау комиссиясы

Лесное ауылы, Юбилейный көшесі, 13, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты

8.     

№ 8 округтік сайлау комиссиясы

Федоровка ауылы, Красноармейский көшесі, 53, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты

9.     

№ 9 округтік сайлау комиссиясы

Федоровка ауылы, Красноармейский көшесі, 53, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты

10.               

№ 10 округтік сайлау комиссиясы

Федоровка ауылы, Красноармейский көшесі, 53, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты

11.               

№ 11 округтік сайлау комиссиясы

Федоровка ауылы, Красноармейский көшесі, 53, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты

Дата публикации
30 декабря 2022