«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Исенгазин
Мәслихаттың 20___ жылғы «____» _________
№ _____ шешімімен бекітілген
«Федоров аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Федоров аудандық мәслихатын (бұдан әрі – мәслихат) және оның органдарын ұйымдық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) құқықтарі:
өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;
өз құзыреті шегінде мәслихат құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
мәслихат отырыстарына, комиссияларға, жұмыс топтарына, мәслихат органдары өткізетін іс-шараларға қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2) міндеттері:
мәслихат депутаттарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
мәслихат аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;
мәслихат қарайтын құжаттарды дайындауға қатысуға мүдделі органдар мен ұйымдарды тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның органдарының және мәслихат депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мәслихаттың қарауына келіп түскен шешімдердің жобаларын қарау;
мәслихат депутаттарының заңнамада белгіленген құзыреттерді іске асыруына көмек көрсету;
мәслихат қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
мәслихаттың басқа органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
мәслихат қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету; мәслихат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.
Мәслихат аппаратының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.