Федоров аудандық мәслихатының хатшысы
Б.Е. Исенгазиннің VI сессияда сөз сөйлеуі
Аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес мәслихат хатшысы жылына кемiнде бiр рет мәслихаттың кезектi сессияларында атқарылған жұмыстар туралы есеп бередi. Бүгін Сіздердің назарларыңызға 2021 жылы атқарылған жұмыс туралы есепті ұсынамын.
2021 жылы Федоров аудандық мәслихатының депутаттық корпусының құрамы 72%-ға жаңартылғанын еске салғым келеді. 2021 жылғы 10 қаңтарда мәслихаттың жетінші шақырылы депутаттарының сайлауы өтті, сайланған 11 депутаттың 8-і алғаш рет аудандық мәслихаттың депутаты болды.
Бірінші ұйымдастыру сессиясында 2 тұрақты комиссия құрылды, тұрақты комиссиялардың төрайымдары болып Наташа Жупар мен Татьяна Ивановна Анисимова сайланды. «Nur Otan», қазіргі «Аmanat» партиясының депутаттық фракциясы түріндегі депутаттық бірлестік құрамында 9 адам тіркелді.
Аудандық мәслихаттың есептік кезеңдегі қызметі жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді.
2021 жылы барлығы 5 кезекті және 14 кезектен тыс сессия өткізілді. Онда аудандық бюджетті қалыптастыруға және орындауға, аудан әкімінің есебіне, әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға, әлеуметтік және тұрғын үй көмегін көрсетуге, Федоров ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру қорытындыларына және басқа да бірқатар маңызды мәселелерге байланысты 70-тен астам мәселе қаралды.
Жыл сайын мәслихат сессиясының қарауына қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы мәселе енгізіледі. Бұл мәселені депутаттар тұрақты комиссияның отырысында алдын ала қарайды. Комиссияда ауданның даму бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тыңдалады.
2021 жылы аудандық бюджет пен ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау 4 рет жүргізілді. Барлық нақтылаулар жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттердің ұлғаюымен немесе азаюымен және қаражатты аудан бюджетінің бірінші кезектегі мәселелерін шешуге бағыттау үшін қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлумен байланысты болды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен аудан әкімі орынбасарларының, атқарушы органдардың уәкілетті тұлғаларының және қоғамдық өкілдерінің қатысуымен 9 отырыс өткізілді, әртүрлі әлеуметтік бағытта лауазымды тұлғалардың 10 есебі тыңдалды.
Өткен жылы депутаттар Пешков ауылдық округінің әлеуметтік саласын және оны одан әрі дамыту перспективаларын зерттеу мақсатында Пешков ауылына барды. Олар дәрігерлік амбулатория, балабақшалар, пошта бөлімшесі және ауылдық округ әкімдігінің ғимаратын аралады. Депутаттар ауылды дамытудың оң динамикасын атап өтті. Сондай-ақ Костряков ауылдық округінің әлеуметтік саласының жағдайын зерттеу мақсатында депутаттар Костряков ауылындағы жалпы білім беретін мектепке, балабақшаға, мәдениет үйіне, ауылдық кітапханаға және фельдшерлік-акушерлік пунктке барды.
Ауданда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты тұрақты комиссиялар екі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысын тыңдады: «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» және «Бизнестің жол картасы – 2025».
Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Электронды үкіметтің» мүлде жаңа құрылымын жасау қажеттілігі айтылды. Мемлекеттік сектордың барлық ІТ-бастамасы тек жаңа платформаға негізделетін болады, мемлекеттік қызметтердің 100%-ы азаматтарға смартфондардан қолжетімді болады. Сондықтан желтоқсан айында әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысы туралы» мәселесін қарады. Ауданымызда электрондық үкімет порталы арқылы әртүрлі қызметтерді алуға сұраныс 97%-ға дейін көтерілгені байқалады.
Сондай-ақ, Қостанай облысының тексеру комиссиясы аудандық мәслихатқа Федоров ауданында мемлекеттік аудит жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат жіберді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аудит және оның орындалу нәтижелері бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында тыңдалды.
«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес депутаттар халықпен есеп беру кездесулерін өткізіп, сайлаушыларды мәслихаттың жұмысы туралы хабардар етті. Сайлаушылар қойған сұрақтарға түсініктемелер беріліп, ұсыныстары мен тілектеры назарға алынып, бақылауға алынды.
Мәслихаттың барлық іс-шаралары ашықтық және айқындық режимінде өткізіледі. Аудандық мәслихаттың кезекті үш сессиясы Aitubе платформасында онлайн-трансляциялау түрінде өткізілді.
2021 жылдың желтоқсанында аудандық мәслихатпен «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс басталды. Ағымдағы жылдың 11 ақпанында кезектен тыс сессияда Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді, ол 90%-ға жаңартылды. Қоғамдық кеңестің төрайымы болып Сауле Арстановна Баймурзина сайланды.
Мәслихаттың қызметі, өткізілген сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары туралы материалдар аудандық газетте және Федоров аудандық мәслихатының ресми Интернет-ресурсында жарияланады.
Есептік кезеңде Федоров аудандық мәслихатының интернет парағын құру бойынша жұмыс жүргізілді, онда аудандық мәслихаттың, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы ақпарат, депутаттардың байланыс ақпараты және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес өзге де мәліметтер тұрақты негізде орналастырылады.
Партияның аудандық филиалында сайлаушыларды жеке қабылдау ұйымдастырылды. 2021 жылы депутаттар 44 жеке қабылдау өткізді, сондай-ақ жеке қабылдаудан басқа тақырыптық қабылдаулар өткізілді, оған депутаттар мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, олардың саны – 16. Халықтан партияға ресми түрде – 256 өтініш келіп түсті, оның ішінде орнында немесе бір апта ішінде оң шешім алған мәселелердің саны – 116, бұл өтініштердің жалпы санының 45%-ын құрайды.
Федоров аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары толық көлемде орындалды.
Аудандық мәслихат депутаттары ауданның әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысады, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың мүшелері болып табылады, қайырымдылық акцияларына қатысады. Біз, аудандық мәслихат депутаттары ауданда өткізілетін барлық ресми іс-шараларға қатысуға үлкен мән береміз.
Депутаттарға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысымды білдіремін. Ағымдағы жылы аудандық мәслихат депутаттарына депутаттық сауалдар, қоғамдық пікірлерді зерделеу, азаматтарды жеке қабылдау бойынша жұмысты жандандыру қажет.