Федоров аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2021 жылғы 11 қазандағы № 58 «Федоров ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасына баспасөз-релизі

«Мәслихаттың 2021 жылғы 11 қазандағы № 58 «Федоров ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Федоров аудандық мәслихатының шешіміне жобасы  «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Аталған шешімнің жобасын қабылдаудың мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты өзгерістер енгізу болып табылады.

Жоба 2022 жылғы 28 шілдеде ашық нормативтік актілер порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14167805 , талқылау мерзімі 2022 ж. 28.07.- 2022 ж. 11.08.

Федоров аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсында 

https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/documents/details/335218?lang=kk

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
28 июля 2022