Мәслихаттың 2021 жылғы 11 қазандағы № 58 «Федоров ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мәслихаттың «Федоров ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 11 қазандағы № 58, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24914 болып тіркелген шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

«Федоров ауданында мүгедектігі бар адам қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Федоров ауданында мүгедектігі бар адам қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен  мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасына осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
28 июля 2022