2022 жылдың І-жартыжылдығында «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және аудандық мәслихат хатшысының 2022 жылғы 1 шілдедегі № 32 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде 2022 жылғы 4 шілдеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде аудандық мәслихат аппаратының қызметін және мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-басқару қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізілді.

Мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін заңнаманы зерделеу қорытындысы бойынша өз қалауы бойынша шешім қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін ережелер анықталған жоқ, (ММ ережесіне, аудандық мәслихаттың регламентіне, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау Әдістемесіне талдау жүргізілді).

Бірінші жартыжылдығында Федоров аудандық мәслихатының регламенті және мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау Әдістемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді.

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесін қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру қажет.

Аудандық мәслихаттың барлық әзірленген шешімдер жобалары ресми талқылау үшін  «Ашық НҚА» порталында жарияланады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 451 қаулысымен бекітілген Ережелеріне сәйкес ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтеді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешімдер жобалары кәсіпкерлер Палатасы филиалының қорытындысын алады. 

Ай сайын Федоров аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық актілердің мониторингі өткізіледі.

Мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-басқару қызметінде ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға 2022 жылдың І-жартыжылдығында мына бағыттар тартылды:

1) Персоналды басқару, оның ішінде кадр ауысуы:

Аппараттың штат саны 5 бірлікті құрайды, нақты саны 5 бірлік. Есептік кезеңде ауысуы – 0, оның ішінде таза ауысуы – 0.

Есептік кезеңде аппарат қызметкерлері тәртіптік жаупкершілікке тартылмады.

Аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстырылды, олар жеке істеріне тігілді.

Аппарат қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау фактілері анықталмаған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің мәтіні ақпараттық стендте және Федоров аудандық мәслихатының ресми сайтында орналасқан.

Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу:

Аудандық мәслихат аппараттында туыстық байланысы бар мемлекеттік қызметшілер жұмыс істемейді, тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін емес.                                     

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету:

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

Аудандық мәслихат аппараты рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

5) Бақылау функцияларын іске асыру:

Аудандық мәслихат аппаратында бақылау функциялары жоқ.

6) Ұйымдастыру-бақылау қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

2022 жылдың І-жартыжылдығында жеке тұлғалардан 2, заңды тұлғалардан  2 өтініш келіп түскен. Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралды, түсініктемелер берілді.

Прокурорлық ден қою актілері келіп түспеді.

Есептік кезеңде мемлекеттік органға қатысты тексеру жүргізілмеді.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылды, бір көзден шартты тікелей жасасу жолымен. Мемлекеттік сатып алуды тиісінше өткізуі қамтамасыз етіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.   

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ бюджеттік бағдарламасы ағымдағы жылына «Ашық бюджеттер» порталында уақытылы жарияланған.

«Ашық бюджеттер» порталында «2023-2025 жылдарға арналған Федоров аудандық мәслихатының аппараты»ММ бюджеттік бағдарламасының жобасы жарияланған. Бюджеттік бағдарламаның жобасы бойынша ескертпелер мен ұсыныстар жоқ.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы  № 986 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді.

Федоров аудандық мәслихатының интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» вкладкасы жасалды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөніндегі қызметін қозғайтын маитериалдар, бекітілген іс-шаралар жоспары орнастырылған.

Федоров аудандық мәслихатының азаматтарды қабылдау кестесі және «сенім телефоны» нөмірі ақпараттық стендте және Федоров аудандық мәслихатының ресми сайтында орналасқан, «Федоровские новости» газетінде жарияланған (№14).

Бұқаралық ақпарат құралдарына («Федоровские новости» аудандық газетіне, Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына, Facebook әлеуметтік желісіне) жүргізілген мониторинг мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар болмағанын көрсетті.

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалмады.    

Федоров аудандық мәслихаты

аппаратының басшысы                                                                                Ж. Мурзахметова

КЕЛІСІЛДІ

Федоров аудандық

мәслихатының хатшысы

____________ Б. Исенгазин

«___» __________ 2022 жыл

Дата публикации
07 июля 2022