Федоров ауданында жастар
саясатын іске асыру туралы
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы В.С. Бочкаревтің «Федоров ауданында жастар саясатын іске асыру туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
- ауданның әлеуметтік-экономикалық өміріне жастарды тарта отырып, ауданда жастар саясатын жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыстарды жалғастыру;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдауды жүзеге асыру;
- жастардың волонтерлік және эквоволонтерлік қызметін дамытуға жәрдемдесу;
- жастар арасында мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру;
- мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын БАҚ және әлеуметтік желілерде белсенді жариялау;
- жастарға арналған маусымдық және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жалғастыру ұсынылсын.
- «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі», Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Федоров ауданының білім бөлімі», «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі», «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне:
- жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізу;
- жас таланттар мен спортшыларды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру ұсынылсын.
- «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі», Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Федоров ауданының білім бөлімі», «Федоров ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне жастар арасында құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидаттарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті тәрбиелеу ұсынылсын.
- «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі», Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне, «Федоров аудандық ауруханасы» КМК-на ауданның жас тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру, профилактикалық іс-шаралар мен вакцинациядан тұрақты өту әдетін қалыптастыру, жастар арасында суицидтің алдын алу мәселесіне назар аудару ұсынылсын.
- «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне:
- жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды, бос орындар жәрмеңкелерін өткізуді қамтамасыз ету;
- жастар арасында кәсіпкерлік қызметтің дамуына ықпал ету ұсынылсын.
- Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2022 жылғы 1 желтоқсанға қарай ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Н. Жупар