2022 жылғы 16 наурыздағы № 11 қаулы

Новошумный ауылы әкімінің

өзіне жүктелген функциялары мен міндеттері туралы есеп беруі туралы

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Новошумный ауылының әкімі С.А. Лисачевтің «Новошумный ауылы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Новошумный ауылының әкіміне:

- округ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізу;

- жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып, округте туындайтын мәселелерді шешу жолдарын тұрақты бақылауда ұстау және азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қолдау;

- ауылдық округті абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;

- «Новошумный ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратын мүгедек адамдардың мұқтаждарына бейімдеу жөніндегі іс-шаралар өткізу ұсынылсын.

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің алдында Новошумный жалпы білім беретін мектепте пандус жайластыру жөнінде өтініш жасау ұсынылсын.
  2. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Федоров аудандық ауруханасы» МКК-на ФАП ғимаратын мүгедектердің мұқтаждығына бейімдеу мәселесін бақылауға алу ұсынылсын.
  3. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2022 жылғы 1 тамызға қарай ұсынылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Бюджет, экономика, жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрайымы                                  Т. Анисимова

Дата публикации
16 марта 2022