Федоров аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2021 жылғы 11 қазандағы № 58 «Федоров ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты төлем мөлшерін 6 айлық есептік көрсеткіштен 8-ге дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізу болып табылады.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.