Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Федоров ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 11 қазандағы № 58, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24914 болып тіркелген шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымшаның 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедек балаға айына сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.